Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

4 қараша – «Инклюзивті білім беру: тәжірибе, проблемалар, даму келешегі» ғылыми-әдістемелік семинары

4 қараша күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Инклюзивті білім беру: тәжірибе, проблемалар, даму келешегі» ғылыми-әдістемелік семинары өтеді.

Инклюзивті білім беруді енгізу бүгінде Қазақстандағы білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Инклюзивті білім беруді енгізудің негізгі мақсаттары ҚР-ның 2011-2020 жж арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған.

Семинарды ұйымдастырушылар біліктілікті растау Орталығы және Өскемен қаласының Білім беру басқармасының ұйымдастырушылық қолдауы арқасында университеттің психология және түзету педагогикасы кафедрасы.

Аталған семинарды ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бүгінде бар мәселелерді ашық түрде талқылау, оның жағдайы, тәжірибе және аймақтағы инклюзивті білім берудің дамуы өте маңызды.

Шараға ШҚМУ-дың психология және түзету педагогикасы кафедрасының оқытушылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, инклюзивті білім беру мекемелерінің педагогтары, Өскемен қаласының арнайы мамандандырылған және түзету мекемелерінің практик-мамандары және т.б. қызығушылық танытқан жандар қатысады. Сонымен қатар, Новосібір қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің өкілдері өздерінің инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен бөліседі.

Семинар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 оқу ғимаратының конференц-залында, 30-шы Гвардиялық дивизиясы, 34, №218 аудитория, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

Ұйымдастыру комитеті

 

Қазақ
× You found a Typo