- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
2016 жылдың 8-9 желтоқсанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Қазіргі қазақстандық ғылымның мәселелері мен келешегі» атты «Аманжолов оқулары-2016» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция қонақтары: Томск мемлекеттік университетінің профессоры, б.ғ.д. Бобенко Андрей Сергеевич, техн.ғ.к., Сібір Федералды университеті Политехникалық институтының материалтану және материалдарды өңдеу технологиясы кафедрасының доценті Носков Федор Михайлович, т.ғ.д. Самашев Зайнолла Самашевич, ШҚО сотының судьясы, «Қазақстан судьяларының Одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы, з.ғ.к. Жумаксанов Эльдос Шаганович.
Онлайн байланысқа шығатын ғалымдар – филол.ғ.к., доцент, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің көптілді білім беру орталығының директоры Капенова Жанарсын Жуматовна, техн.ғ.магистрі, ҚР ҰЯО атом энергиясы Институты термиялық сынақ және материалдар зертханасының ғылыми қызметкері Миниязов Арман, кәсіби археолог, т.ғ.к., Горно-Алтайск мемлекеттік университетінің доценті Соенов Василий Иванович, Ускюдар университетінің (Түркия) профессоры Сулейменов Абульфаз, ф.-м.ғ.д., профессор, Алтай мемлекеттік университетінің жалпы және тәжірибелік физика кафедрасының меңгерушісі Плотников Владимир Александрович.
Пленарлық отырыстың өту орны: Өскемен қ., Қазақстан к., 55 (ШҚМУ әкімшілік ғимараты), «Мәңгілік Ел» орталығы.
Өту уақыты: сағ.14.00.
Конференция аясында мәселелер келесі бағыттар бойынша талқыланады:
Дөңгелек үстелдер:
Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, жоғарғы оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Байланыс телефондары: 8 (7232) 241-401, ішкі – 135 – ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі