Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы көпэтномәдениетті әлемде» атты халықаралық онлайн-ғылыми-практикалық конференция – 29 қазан

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» Сіздерді 29 қазанда ZOOM платформасында онлайн режимінде өтетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы көпэтномәдениетті әлемде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция мақсаты: Абай Құнанбаевтың рөлі және оның көпэтно- мәдениеттік әлемдегі мұрасы туралы ғылыми қоғамдастық, педагог қызметкерлері, мәдениет қайраткерлері, билік және қоғамдық ұйымдар өкілдері арасында идеялармен және шығармашылық бастамалармен алмасу үшін бірыңғай пікірталас кеңістігін қалыптастыру.

Конференцияға қатысуға ғылыми қызығушылықтары конференция тақырыбымен сәйкес келетін жоғары оқу орындардың және колледждердің оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, ғалымдар, студенттер, білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, мәдениет қызметкерлері шақырылады.

Конференцияның тақырыптық бағыттары:

1. Қоғамдық сананы жаңғыртудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы.

2. Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті.

3. Білім берудің өзекті мәселелері мен даму тенденциялары.

4. Заманауи өнер: шығу тегі, ерекшеліктері, даму болашағы.

  • яға қатысу формалары: онлайн (баяндама), сырттай (жарияланым).

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Өтінімдер мен баяндама мәтіндерін ұсыну мерзімі: 2020 жылдың 16 қазанына дейін.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына өтінімді (1-Қосымшаны қараңыз), баяндама мәтінін жіберу қажет. Файлдың атауын үлгі бойынша рәсімдеу: Амиров_конференция_өтінім.

Күндізгі қатысуды жоспарлаған кезде конференция Бағдарламасына енгізу үшін Баяндаманың тақырыбын жазу қажет.

Конференция қорытындысы бойынша конференцияның электронды жинағы шығарылады. Мақалалар авторлық редакцияда жарияланады. Ұйымдастыру комитеті ғылыми жұмыстардың талаптарына және жариялауға жіберілген мақалаларды техникалық редакциялауға сәйкес келмейтін материалды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Жинақтың электрондық нұсқасы авторларға таратылмайды. Ол http://orley-kost.kz/ сілтеме бойынша институттың сайтында қол жетімді болады.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мәтін көлемі –5-7 бет.

- шрифті Times New Roman, ені бойынша туралау, кегль 14, интервал 1,5; барлық жиектер – 2,5 см, абзац шегінісі – 1,25 см (автоматты түрде орнатылады);

- барлық суреттер мен схемаларға атаулар жазылады (1 Кесте, 1 сурет) және редакциялауға болатын форматта толтырылуы керек;

- беттер нөмірленбейді және бет сілтемелерсіз;

- әдебиеттер тізімі 2018 жылғы МемСТ бойынша (кез-келген кітапханада сипаттаманың дұрыстығын тексеруге болады). Тізімде орналастыру – мәтіндегі дереккөз аталған кезегінде. Мәтіндегі әдебиетке сілтемелер: [14, 26 б.];

-мақаланың атауы 10-12 сөзден аспауы керек;

- мақала атауынан кейін 1,5 интервалдан соң ортасында автордың Тегі, Аты, Әкесінің аты (жартылай қалың қаріппен, толық, жолдың ортасында тураланып); ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымның атауы, қаласы (жай қаріппен, жолдың ортасында тураланып көрсетіледі);

- мақаланың негізгі мәтінінің тіліндегі аңдатпа (5 сөйлемнен артық емес);

- аңдатпадан кейін 3-5 негізгі сөз көрсетіледі (мақаланың негізгі мәтінінің тілінде);

- мақала мәтіні (2 интервалдан кейін);

- пайдаланылған дереккөздер тізімі (2 интервалдан кейін).

Ұйымдастырушы: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Қостанай қаласы,  Пролетарская к-сі, 86

Анықтама үшін телефон: 8-7142-54-18-73

E-mail: kos@orleu-edu.kz

Ұйымдастыру комитеті 

1 Қосымша

Тіркеу өтінімнің нысаны

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Елі, қаласы

 

Ғылыми дәрежесі

 

Ғылыми атағы

 

Жұмыс/оқу орны

 

Баяндама тақырыбы

 

Конференция бағыты

 

Байланыс телефондары

 

E-mail

 

Қатысу формасы   (күндізгі/ тек жарияланым)

 

Қазақ
× You found a Typo