Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі»  жалпыұлттық  онлайн-студенттік өнер фестивалінің

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Хәкім Абай туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы» – деп атап өтті.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы,  ғұлама  ойшыл Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында  кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен  «Абай әлемі»  жалпыұлттық  студенттік өнер фестивалі өткізіледі.

Фестивальді ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Фестивальдің өту мерзімі:

 «Абай әлемі»  жалпыұлттық  онлайн-студенттік өнер фестивалі екі кезеңде өтеді.

Іріктеу кезеңі республикамыздың барлық  жоғары оқу орындарында онлайн режимінде  өткізіледі. Өткізілу мерзімі: 30-31 қазан 2020 жыл.

Қорытынды кезең  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн режимінде өткізіледі. Өткізілу мерзімі: 4-5 желтоқсан 2020 жыл

Фестивальдің міндеттері:

  • Ұлт мақтанышы, данышпан ойшылы, сазгер, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау;
  • Ұлы Абайдың  шығармалары арқылы студенттердің бойында рухани-адамгершілік, имандылық, патриоттық қасиеттерін арттыру;
  • Дарынды жастарды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыда  қолдау көрсету;
  • Жастардың рухани әлеуетін арттыру.

Фестивальге қатысушылар:

  • Фестивальге республикамыздың жоғарғы оқу орындарының қазақ және  өзге ұлт өкілдері мен  шетелдік студенттері  қатыса алады.
  • Фестивальге ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан бір университеттен бес қатысушы қатыса алады.

Фестиваль байқаулары:

  • Абай өлеңдері;
  • Абайдың қара сөздері;
  • Абай әндері;
  • Абай – әлем тілдерінде;
  • «Абай әлемі» сурет өнерінде.

Фестивальдің  іріктеу кезеңі:

Фестивальдің іріктеу кезеңі республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында онлайн режимінде өткізілуі тиіс. Өткізілу мерзімі: 30-31 қазан 2020 жыл.

«Абай өлеңдері» байқауы. Байқау барысында үміткер Хәкім Абайдың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқуы шарт. Үміткердің өнерін бағалауда сахналық мәдениетіне, оқу шеберлігіне және сөз мағынасына мән беруі, ақынның қанша өлеңін жатқа білетіндігі ескеріледі.

«Абайдың қара сөздері» байқауы. Байқау барысында үміткер Хәкім Абайдың қара сөздерін жатқа мазмұндап, талдап беруі шарт. Үміткердің өнерін бағалауда сөйлеу мәдениеті, қара сөздегі философиялық ой-тұжырымды түсіну деңгейі ескеріледі.

«Абайдың әндері» байқауы. Байқау барысында үміткерХәкім Абайдың әндерін жанды дауыста нақышына келтіріп  орындап беруі шарт. Үміткердің өнерін бағалауда орындаушылық шеберлігі, сахналық келбеті ескеріледі.

«Абай әлем тілдерінде» байқауы. Байқау барысында үміткерХәкім Абайдың шығармаларын (өлеңін, қара сөзін, әндерін) қалауы бойынша өзге тілде орындап, (мәнерлеп оқып) беруі шарт. Үміткердің өнерін бағалауда орындаушылық шеберлігі, сахналық мәдениеті ескеріледі.

 «Абай әлемі» сурет өнерінде» байқауы. Байқау Хәкім Абайдың шығармашылығы желісі негізіндегі қылқалам шеберлерінің көркемсурет туындылары бойынша жүргізіледі. Байқау барысында үміткер Абай шығармаларының  философиялық мазмұнын көркемсурет арқылы жеткізе білу шеберлігі  ескеріледі.

Іріктеу кезеңінің әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздар  2020 жылдың 4-5 желтоқсан күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн режимінде  өтетін «Абай әлемі»  жалпыұлттық  студенттік өнер фестивалінің ақтық кезеңіне  қатысады. Әр жоғары оқу орнынан байқаудың бес түрінен сәйкес 5 үміткерден қатысады (бір ЖОО-нан бес үміткер).  

Республикалық ЖОО-да ұйымдастырылатын «Абай әлемі»  жалпыұлттық  онлайн-студенттік өнер фестивалінің іріктеу кезеңі туралы ақпарат #AbaiAlemi-2020 хештегі арқылы БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы насихатталуы  тиіс.

Іріктеу кезеңінің қорытынды материалдары (видео, слайд, фото)  6 қарашаға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұйымдастыру алқасына abai_alemi2020@mail.ru, b_kazyna@bk.ru электронды пошталарына  жолданулары тиіс (жауапты тұлға: Қазына Бекбенбетова 87016642721).

Фестиваль туралы қосымша ақпаратты төмендегі instagram парақшаларынан таба аласыз:

 @abаialemi2020

 @ abai_university

Фестивальдің  қорытынды  кезеңі:

Абай әлемі» жалпыұлттық  студенттік өнер фестивалінің қорытынды кезеңі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізіледі. Өткізілу мерзімі 4-5 желтоқсан 2020 жыл.

Қорытынды кезең барысында «Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалінің «Абай өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абай әндері», «Абай-әлем тілдерінде», «Абай әлемі» сурет өнерінде» байқаулары өткізіліп, жеңімпаздар анықталады.

Фестиваль қорытындысында  әрбір байқау бойынша жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ жүлдері орындар, ақшалай және ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

 Қорытынды  кезеңге өтініш қабылдау шарттары:

Қорытынды кезеңге  қатысушы үміткерлердің  өтініштері  2020 жылдың 26 қарашаға дейін abai_alemi2020@mail.ru, b_kazyna@bk.ru электронды пошталарына қабылданады (жауапты тұлға: Қазына Бекбенбетова 87016642721, 8-(727)-291-83-82;). Көрсетілген мерзімінен кешіккен құжаттар  қарастырылмайды. Қорытынды кезеңге қатысушы үміткер  өтінішімен қоса  өзі туралы презентация  (5 беттік слайд) жолдауы шарт. 

Қосымша 1

«АБАЙ ӘЛЕМІ»  ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОНЛАЙН- СТУДЕНТТІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ 

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

«АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.  Байқауды өткізудің талаптары мен шарттары

1.1.   Байқау барысында Абайдың өлеңдері жатқа, мәнерлеп оқылуы тиіс.

1.2.   Байқау 1 турдан тұрады.

1.3. Байқау барысында  қатысушының саханалық мәдениеті, өлеңді нақышына келтіріп оқуы және сөз мағынасына мән беру, ақынның қанша өлеңін білетіні ескеріледі.

1.4.   Байқау қазақ тілінде өткізіледі.

1.5. Оқылатын әр өлеңнің ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы тиіс.

2.   Қазылар алқасы

2.1.   Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, абайтанушы-ғалымдар, атақты ақын-жазушылар мен тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.

2.2.   Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.

2.3.   Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

2.4.   Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

3.   Жеңімпаздарды марапаттау

3.1. І орын – 200 000 теңге

3.2. ІІ орын – 100 000 теңге

3.3. ІІІ орын – 75 000 теңге

3.4. Дипломант – 50 000 теңге

3.5. «Абай жүлдесі» номинациясы  - 50 000 теңге

3.6. Ынталадыру сыйлығы – 30 000 теңге

4.  Ұйымдастыру комитеті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері.

5.   Өткізілетін орны:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ZOOM платформасында өтеді

Қосымша 2

«АБАЙ ӘЛЕМІ»  ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОНЛАЙН-СТУДЕНТТІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ  ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

«АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.  Байқауды өткізудің талаптары мен шарттары

1.1.    Байқау барысында Абайдың қара сөзі нақышына келтіріліп, мәнерлеп   жатқа оқылуы  тиіс.

1.2.   Байқау 1 турдан тұрады.

1.3.   Абайдың қара сөздері бойынша білім   деңгейін, сөйлеу мәдениеті, қара сөздегі философиялық ой-тұжырымды түсіну деңгейі бағаланып, қазылар алқасы тарапынан ақын шығармашылығына (өлеңдері, аудармалары, қара сөздері) байланысты   қосымша сұрақтар  қойылады.

1.4.  Байқау қазақ тілінде өткізіледі.

2.   Қазылар алқасы

2.1. Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, абайтанушы-ғалымдар, атақты ақын-жазушылар мен тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.

2.2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.

2.3.  Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

2.4. Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

3.   Жеңімпаздарды марапаттау

3.1. І орын – 200 000 теңге

3.2. ІІ орын – 100 000 теңге

3.3. ІІІ орын – 75 000 теңге

3.4. Дипломант – 50 000 теңге

3.5. «Абай жүлдесі» номинациясы  - 50 000 теңге

3.6. Ынталадыру сыйлығы – 30 000 теңге

4.   Ұйымдастыру комитеті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері.

5.  Өткізілетін орны

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ZOOM платформасындаөтеді.

Қосымша 3

«АБАЙ ӘЛЕМІ»  ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОНЛАЙН-СТУДЕНТТІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ  ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

«АБАЙ ӘНДЕРІ»

байқауының ЕРЕЖЕСІ (музыкалық білімі жоқ үміткерлер үшін)

  1. Байқауды өткізу талаптары мен шарттары
    1. Байқау бір турдан тұрады.
    2. Байқау барысында Абай әні орындалуы тиіс.
    3. Байқау қазақ тілінде өткізіледі.
    4. Үміткер әнді  «жанды» дауыста:
  • жасалған аранжировканың (эстрадалық, фольклорлық ансамбльдің, оркестрдің) минус сүйемелімен;
  • саз аспаптарының сүйемелімен (домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, жетіген т.б.) орындаулары тиіс.
  • саз аспаптарының сүйемелімен байқауға қатысушының өз музыкалық аспабы болуы қажет.
    1. Ән сүйемелі  MD (мини-диск) тасымалдағышында ұсынылады.
    2. Орындалатын әннің ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс.
    3.  Байқау барысында қатысушының сахналық киім ерекшелігі мен  сахналық мәдениетіне  назар аударылады.
    4. Байқауға жеке және топтық (дуэт, трио, квартет) орындаушылар қатыса алады.
  1. Қазылар алқасы
    1. Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгерлер мен тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.
    2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.
    3. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
    4. Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  1. Жеңімпаздарды марапаттау

3.1. І орын – 200 000 теңге

3.2. ІІ орын – 100 000 теңге

3.3. ІІІ орын – 75 000 теңге

3.4. Дипломант – 50 000 теңге

3.5. «Абай жүлдесі» номинациясы  - 50 000 теңге

3.6. Ынталадыру сыйлығы – 30 000 теңге

        4.  Ұйымдастыру комитеті

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері.

  1. Өткізілетін орны

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ZOOM платформасындаөтеді.

Қосымша 4

«АБАЙ ӘЛЕМІ»  ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ  ОНЛАЙН-СТУДЕНТТІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ  ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

 «АБАЙ ӘНДЕРІ»

байқауының ЕРЕЖЕСІ (арнай музыкалық білімі бар үміткерлер үшін)

  1. Байқауды өткізу талаптары мен шарттары
    1. Байқау бір турдан тұрады.
    2. Байқау барысында Абай әні орындалуы тиіс.
    3. Байқау қазақ тілінде өткізіледі.
    4. Үміткер әнді  «жанды» дауыста:
  • жасалған аранжировканың (эстрадалық, фольклорлық ансамбльдің, оркестрдің) минус сүйемелімен;
  • саз аспаптарының сүйемелімен (домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, жетіген т.б.) орындаулары тиіс.
  • саз аспаптарының сүйемелімен байқауға қатысушының өз музыкалық аспабы болуы қажет.
    1.  Орындалатын әннің ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс.
    2.  Байқау барысында қатысушының сахналық киім ерекшелігі мен  сахналық мәдениетіне  назар аударылады.
    3.  Байқауға жеке және топтық (дуэт, трио, квартет) орындаушылар қатыса алады.

 2. Қазылар алқасы

  1. Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгерлер мен тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.
  3. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  4. Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

3. Жеңімпаздарды марапаттау

3.1. І орын – 200 000 теңге

3.2. ІІ орын – 100 000 теңге

3.3. ІІІ орын – 75 000 теңге

3.4. Дипломант – 50 000 теңге

3.5. «Абай жүлдесі» номинациясы  - 50 000 теңге

3.6. Ынталадыру сыйлығы – 30 000 теңге

        4.   Ұйымдастыру комитеті

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері.

  1. Өткізілетін орны

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ZOOM платформасында өтеді.

Қосымша 5

«АБАЙ ӘЛЕМІ»  ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ  ОНЛАЙН-СТУДЕНТТІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ  ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

«АБАЙ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕ» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.  Байқауды өткізудің талаптары мен шарттары

1.1.    Байқау барысында Абайдың шығармаларын (өлеңін, қара сөзін, әндерін) қалауы бойынша өзге тілде орындап, (мәнерлеп оқып) беруі шарт.

1.2.    Байқау 1 турдан тұрады.

1.3.   Үміткердің өнерін бағалауда орындаушылық шеберлігі, сахналық мәдениеті ескеріледі.

1.4.   Байқау өзге тілдерде өткізіледі.

2.  Конкурстың қазылар алқасы

2.1. Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, шетелдік ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.

2.2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.

2.3.  Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

2.4. Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

3.    Жеңімпаздарды марапаттау

3.1. І орын – 200 000 теңге

3.2. ІІ орын – 150 000 теңге

3.3. ІІІ орын – 100 000 теңге

3.4. Дипломант – 50 000 теңге

3.5. «Абай жүлдесі» номинациясы  - 50 000 теңге

3.6. Ынталадыру сыйлығы – 30 000 теңге

4.      Ұйымдастыру комитеті

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері.

5.  Өткізілетін орны

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ZOOM платформасында өтеді.

Қосымша 6

«АБАЙ ӘЛЕМІ»  ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ  ОНЛАЙН-СТУДЕНТТІК ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ  ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ

«АБАЙ ӘЛЕМІ» сурет өнерінде» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.  Байқауды өткізудің талаптары мен шарттары

1.1. Байқау барысында Хәкім Абайдың шығармашылығы желісі негізіндегі қылқалам шеберлерінің көркемсурет туындылары бағаланады.

1.2. Байқау 1 турдан тұрады.

1.3.  Байқау барысында үміткер Абай шығармаларының  философиялық мазмұнын көркемсурет арқылы жеткізе білу шеберлігі  ескеріледі.

2.  Конкурстың қазылар алқасы

2.1. Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі мәдениет қайраткерлері, суретшілер, қылқалам шеберлері, білікті ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.

2.2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.

2.3.  Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

2.4. Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

3.  Жеңімпаздарды марапаттау

3.1. І орын – 200 000 теңге

3.2. ІІ орын – 100 000 теңге

3.3. ІІІ орын – 75 000 теңге

3.4. Дипломант – 50 000 теңге

3.5. «Абай жүлдесі» номинациясы  - 50 000 теңге

3.6. Ынталадыру сыйлығы – 30 000 теңге

4.  Ұйымдастыру комитеті

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері.

5.  Өткізілетін орны

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ZOOM платформасында өтеді.

Қосымша 7

Өтініш

Байқауға қатысушының  аты-жөні, тегі_________________________________________________________________

Туған жылы, күні, айы

Оқу орнының атауы_______________________________________________________________

Мекен-жайы, байланыс телефоны___________________________________________________________

E-mail______________________________________________________________

Байқау түрі

(таңдау қажет)_______________________________________________________

Орындалатын шығарма атауы_____________________________________________________________

Жеке куәлігінің нөмірі мен ЖСН____________________________________________________

Ескерту: Байқауға қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі өтінішке қоса тіркелуі тиіс. 

Қазақ
× You found a Typo