Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Абай әлемі» республикалық студенттік өнер фестивалі - 24-25 сәуір

Қазақ ұлтының мақтанышы, ғұлама ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған  дәстүрлі «Абай әлемі»  республикалық студенттік өнер фестивалінің

 Е Р Е Ж Е С І

 Фестивальді ұйымдастырушы:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Фестивальдің өтетін мерзімі:

              24-25 сәуір

Фестивальдың мақсаты мен міндеттері:

·         Ұлт мақтанышы, данышпан ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау;

·         студент жастарды тағылымы терең тарих сабақтары мен ұлттық құндылықтарды  дәріптеуге бағытталған мәдени іс-шаралар арқылы тәрбиелеу; 

·         ғұлама ақын шығармалары арқылы студенттердің бойында рухани-адамгершілік, имандылық, патриоттық қасиеттерін арттыру;

·         дарынды жастарды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан  қолдау көрсету;

·         ән, көркем сөз оқу өнерін дамытуға атсалысу;

·         Абай мұраларының  жастар арасында кең таралуына ықпал жасау.

 

Фестивальге қатысушылар:

·         Байқауға жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің   студенттері  (ұлттық консерватория, ұлттық музыка академиясы, ұлттық өнер академиясымен қатар арнайы музыка колледж студенттерінен басқа) 16-25 жас аралығындағы жастар қатыса алады;

·         Әрбір қатысушының  оқитындығын растайтын оқу орынан  анықтама қағазы болуы тиіс.

Фестиваль байқаулары:

·         Абай әндерінің байқауы;

·         Абай өлеңдерінің байқауы;

·         Абай  қара сөздерінің байқауы.

1.      Өтініш беру шарттары:

-          Байқауға өтініш 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімінен кешіккен өтініштер қабылданбайды.

-          байқауға қатысу үшін үміткерлер өтініш толтырады. Өтініш үлгісі ережеге қоса тіркелген №1 қосымшада берілген.

-       конкурс үміткерлерінің өтініштері төмендегі мекен-жайда қабылданады: Мекен-жай: Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың №1 оқу ғимараты, Тәрбие, әлеуметтік  жұмыстар және  жастар саясаты департаменті (209 кабинет). Қазыбек би 30; тел., факс: 8-(727)-293-81-85; тел., 291-83-82; e-mail: 2918382@mail.ru, b_kazyna@bk.ru

2.      Тіркеу:

-    Тіркеу рәсімі 5 сәуір күні сағат 8:30-дан  10:00-ға дейін  № 5 оқу ғимаратының 1 қабатында  өткізіледі. Мекен-жайы: Төле би, 86  (С. Сейфуллин көшесінің  қилысы).

3.      Қатысушылардың өнер көрсету реті:

-    Байқау  бойынша қатысушылардың өнер көрсету реті алфавиттік тәртіппен жүреді.

      4.  Байқауға қатысушылардың жол қаражаты, жатын орны мен тамақтануы  жіберуші мекеме тарапынан қаржыландырылады.

«АБАЙ ӘНДЕРІ»

байқауының ЕРЕЖЕСІ

1.      Байқауды өткізу талаптары мен шарттары

1.1.       Байқау екі турдан тұрады.

1.2.      1-ші турда Абай әні орындалуы тиіс. Бірінші турдан үздік шыққандар екінші турға жіберіледі.

1.3.      2-ші турда Абайға арналған ән немесе  байқауға қатысушының өз қалауы бойынша туған жер, табиғат, тіл, білім туралы,  патриоттық  әндер орындалуы тиіс.

1.4.     Байқау қазақ тілінде өткізіледі.

1.5.      Байқауға қатысушылар әндерін «жанды» дауыста:

-          жасалған аранжировканың (эстрадалық, фольклорлық ансамбльдің, оркестрдің) минус сүйемелімен;

-          саз аспаптарының сүйемелімен (домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, жетіген т.б.) орындаулары тиіс.

-          саз аспаптарының сүйемелімен байқауға қатысушының өз музыкалық аспабы болуы қажет.

1.6.            Ән сүйемелі  MD (мини-диск) тасымалдағышында ұсынылады.

1.7.            Орындалатын әннің ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс.

1.8.             Байқау барысында қатысушының сахналық киім ерекшелігі мен  сахналық мәдениетіне  назар аударылады.

1.9.            Байқауға жеке және топтық (дуэт, трио, квартет) орындаушылар қатыса алады.

 

2.      Конкурстың қазылар алқасы

2.1.            Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгерлер мен тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.

2.2.            Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.

2.3.            Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

2.4.            Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

 

3.      Жеңімпаздарды марапаттау

3.1.            I-ші орын – 150 000 теңге

3.2.            II-ші орын – 100 000 теңге

3.3.            III-ші орын  – 50 000 теңге

3.4.            Ынталандыру сыйлықтары

4.      Ұйымдастыру комитеті

 5.      Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілігі, Тәрбие, әлеуметтік  жұмыстар және  жастар саясаты департаменті

6.      Өткізілетін орны

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқу ғимаратының  акт залы. Мекен-жайы: Төле би, 86  (С. Сейфуллин көшесінің қилысы).

 

«АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІ»

байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 1.  Байқауды өткізудің талаптары мен шарттары

 1.1.      Байқау барысында Абайдың өлеңдері жатқа, мәнерлеп оқылуы тиіс.

1.2.      Байқау 2 турдан тұрады.

1.3.      1-ші  турда Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу. Сонымен қатар, Абайдың қанша өлеңін жатқа білетіндігі ескеріледі.

1.4.  2-ші  турдаАбай өлеңдерін әдеби талдау.

 1.5.   Байқау барысында  қатысушының дикциясы, актерлық қабілеті және  ақынның қанша өлеңін білетіні ескеріледі.

1.6.      Байқау қазақ тілінде өткізіледі.

1.7.     Оқылатын әр өлеңнің ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы тиіс.

2.         Конкурстың қазылар алқасы

 2.1.      Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, атақты ақын-жазушылар мен тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.

2.2.      Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.

2.3.      Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

2.4.      Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

 3.         Жеңімпаздарды марапаттау

 3.1   I-ші орын – 150 000 теңге

3.2  II-ші орын – 100 000 теңге

3.3  III-ші орын  – 50 000 теңге

3.4  Ынталандыру сыйлықтары

4.         Ұйымдастыру комитеті

4.1.      Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілігі, Тәрбие, әлеуметтік  жұмыстар және  жастар саясаты департаменті

 5.         Өткізілетін орны:

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  бас ғимаратының үлкен  конференц залы (225 д.). Мекен-жайы:  Алматы қаласы,  Достық, 13.

 

«АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ» байқауының ЕРЕЖЕСІ

 1.  Байқауды өткізудің талаптары мен шарттары

1.1.    Байқау барысында Абайдың қара сөзі нақышына келтіріліп, мәнерлеп   жатқа оқылуы  тиіс.

1.2.      Байқау 2 турдан тұрады.

1.3.      1-ші  турда Абайдың қара сөздерін жатқа мазмұндау

1.4.    2-ші  турда қатысушының Абайдың қара сөздері бойынша білім   деңгейін, пәлсапалық пайымын, ойын дәлелді жеткізе алуын сараптау   мақсатында қазылар алқасы   тарапынан ақын шығармашылығына (өлеңдері, аудармалары, қара сөздері) байланысты   қосымша сұрақтар  қойылады.

1.5.  Байқау қазақ тілінде өткізіледі.

  2.         Конкурстың қазылар алқасы

 2.1. Қазылар алақасының құрамы  елімізге белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, атақты ақын-жазушылар мен тәжірибелі ғалым-ұстаздардан құралады және университет ректорымен бекітіледі.

2.2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды.

2.3.  Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

2.4. Қазылар алқасы Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту  немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

 3.         Жеңімпаздарды марапаттау

 3.1  I-ші орын – 150 000 теңге

3.2  II-ші орын – 100 000 теңге

3.3  III-ші орын  – 50 000 теңге

3.4  Ынталандыру сыйлықтары

  4.         Ұйымдастыру комитеті

 4.1.      Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілігі, Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы, Мәдени бөлімі, Жастар ісі жөніндегі комитет.

 5.       Өткізілетін орны

  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті  бас ғимаратының кіші   конференц залы. Мекен-жайы:  Алматы қаласы Достық, 13.                                                              

Өтініш

Байқауға қатысушының  аты-жөні, тегі_______________________________________________________________________________

 

Туған жылы, күні, айы

Оқу орнының атауы_____________________________________________________________________________ 

Мекен-жайы, байланыс телефоны___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

E-mail____________________________________________________________________________

 

Байқау түрі

(таңдау қажет)_____________________________________________________________________

 

Орындалатын шығарма атауы___________________________________________________________________________

 

Жеке куәлігінің нөмірі мен ЖСН____________________________________________________

 

Ескерту: Байқауға қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі өтінішке қоса тіркелуі тиіс. 

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo