Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«АБАЙ МҰРАСЫ» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан онлайн өнер байқауының ережесі

«АБАЙ  МҰРАСЫ» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан  онлайн өнер байқауының ережесі

«Абай мұрасы – біздің ұлт болып

 бірлесуімізге, ел болып дамуымызға

 жол ашатын қастерлі құндылық»

(Қ.К.Тоқаев)

Президентіміз Қ.К.Тоқаев 2020 жылды Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай жылы»  деп белгілеуіне  байланысты «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы 2020 жылдың 6-24-ші сәуір аралығында «АБАЙ МҰРАСЫ» атты Республикалық Абай шығармашылығынан онлайн өнер байқауын ұйымдастырады.

СЫЙЛЫҚТАР

Бас жүлдеге – диплом, медаль және Абай Құнанбаевтың өлең жинағынан кітап беріледі.

Орын алғандарға –  диплом және медаль беріледі.

Жетекші - ұстаздарға «Үздік ұстаз» атауымен диплом беріледі.

Дипломға онлайн деп жазылмайды.   Әділқазылар шешімімен әр жанрдан үздік деп танылған бір жұмыс «Мөлдір бұлақ» балалар журналына жарияланады

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ

5 – 7 жас – бүлдіршін топ, 8 - 10  жас – кіші топ, 11 - 13 жас – орта топ,

14 - 16 жас  – жасөспірім топ, 17 - 20  жас – жоғарғы топ.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ

«Вокал»,   «Көркем сөз»,   «Абайдың қара сөздері»,    «Абайдың аудармалары»,  

«Абай афоризмдері»,  «Мүшәйра»,  «Шығарма»,   «Дәстүрлі ән»,   «Аспапта ойнау»,

«Бейнелеу өнері»,   «Қолөнері»   жанрлары

ЖЕКЕ НОМИНАЦИЯЛАР

 «Шәкірім шығармалары»,  «Пушкин шығармалары»

Вокал» жанры бойынша қатысушы Абайдың бір әнін жанды дауыста айтып, видеоға түсіріп электронды почтаға немесе ватсапқа жіберу қажет. Әнді акапелла түрінде немесе арнайы минусовкамен айту керек.  Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты) (Дуэт,трио,квартет,квинтет және хор ұжымы қатыса алады)

«Көркем сөз» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевтың  бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқу қажет. Өлеңді видеоға түсіріп, электронды почтаға немесе ватсапқа жіберу қажет. Уақыты – 2 минуттан аспау шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

«Абайдың қара сөздері» жанры  бойынша қатысушы Абайдың бір қара сөзін жатқа мәнерлеп  айтып, видеоға түсіріп электронды почтаға немесе ватсапқа  жіберу қажет. Уақыты – 2 минуттан аспау шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

«Абайдың аудармалары» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевтың басқа авторлардан  аударған мысал-өлеңдерінен бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқып, оны видеоға түсіріп электронды почтаға немесе ватсапқа  жіберу керек. (Орыс тілінде де оқуға болады) Өлең шумақтарын қысқартып оқуға болады. Уақыты – 2 минуттан аспау шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

«Абай афоризмдері» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевтың бір өлеңін немесе бір қара сөзін талдап, ондағы афоризмдер мен нақыл сөздерді теріп жазып көрсету қажет. Әрбір афоризмнің  көркемдік-эстетикалық ерекшелігін сипаттап, оның мағынасын түсінідіріп бір бетке талдап жазу қажет. Талдауды MS Word программасымен жазып электронды почтаға немесе ватсапқа жіберу  міндетті.

«Мүшәйра» жанры бойынша қатысушы өз жадынан Абай Құнанбаевқа арнап өлең жазып, оны MS Word программасымен жазып электронды почтаға немесе ватсапқа салу міндетті. Өлең шумақтары он шумақтан аспау керек.

«Шығарма»  (эссе) жанры бойынша қатысушы  өз жадынан Абай Құнанбаев жайлы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы екі беттік шығарма жазып, оны MS Word программасымен жазып электронды почтаға немесе ватсапқа салу міндетті.

«Дәстүрлі ән» жанры бойынша қатысушы Абайдың әндерінен немесе еркін тақырыпта кез келген халық әнін, халық композиторларының әнінен немесе қазақ термелерінен бір әнді домбыраның сүйемелдеуімен орындау шарт. Әнді видеоға түсіріп, электронды почтаға немесе ватсапқа жіберу шарт. Уақыты – 2 минуттан аспау шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

 «Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушы (топ) кез келген аспапта еркін тақырыпта музыкалық бір шығарманы орындап, оны видеоға түсіріп электронды почтаға немесе ватсапқа жіберу қажет. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

«Бейнелеу өнері» жанры бойынша қатысушы Абай Құнанбаевтың портретін немесе Абайдың кез келген өлеңімен байланысты  бір сурет салып, оны фотоға түсіріп электронды почтаға немесе ватсапқа салып жіберу керек. Фотоны MS Word программасына салып жіберуге болмайды!!

«Қолөнері» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта өз қолымен жасаған бір бұйымын (жұмысын)  фотоға түсіріп, электронды почтаға немесе ватсапқа  жіберу керек. Фото сапалы болуы шарт. Фотоны MS Word программасына салып жіберуге болмайды!!

«Шәкәрім шығармалары» номинациясы бойынша қатысушы Шәкәрім Құдайбердиевтің бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды.  Болмаса Шәкірім Құдайбердиевтің  бір әнін жанды дауыста минусовканың сүйемелдеуімен, акапелла түрінде айтып видеоға түсіріп электронды почтаға немесе ватсапқа жіберу қажет.

«Пушкин шығармалары» номинациясы бойынша қатысушы А.С.Пушкиннің кез келген бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, оны видеоға түсіріп электронды почтаға болмаса ватсапқа жіберу қажет.

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ.

«Бөбек» ҰҒПББСО Ақпараттық ресурстар бөлімінің редакторы, Қазақстан  Жазушылар Одағының мүшесі, ақын – Ерғали Бақаш.

Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, педагог-вокалист, музыкант – Ибрагимов Дархан.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің магистрі, суретші – Самат Тәңірбергенұлы.

Алматы қалалық Оқушылар сарайының «Көркем сөз» бірлестігінің жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы – Сандуғаш Рыскелді.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ

Жеке қатысушыға – 3000 теңге.  Бір мектептен 10 оқушыдан көп болса  - 2000 теңгеден.

КАСПИЙ БАНК (ГОЛД)  картасы -  5169 4971 5252 2599.  (010323500348 ИИН нөміріне тіркелген,  Нұрқанат Тәңірбергенұлы деп шығады)

ХАЛЫҚ БАНК  – KZ866010002009077522.  (ИИН нөмірі – 900617302247)

Төлемдер сәуір айының 24-не дейін қабылданады. Төлем жасалған чекті фотоға түсіріп немесе скрин жасап қатысушының жұмысымен және өтінішімен бірге altyngasyr.ortalygy@mail.ru  электронды  почтасына  немесе 8 700 340 80 01 ватсап нөміріне жіберу  жіберу шарт.

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ

Өтініштер 2020 жылы 6-шы сәуір  мен 24-ші  сәуір аралығында altyngasyr.ortalygy@mail.ru  электронды почтасына немесе 8 700 340 80 01 ватсап нөміріне  қабылданады. Чекті,өтінішті және жұмыстарды барлығын бірге жіберу қажет. Бөлек-бөлек салмаңыз! Не почтаға не ватсапқа ғана жіберіңіз, екі жаққа бірдей салмаңыз.

25-ші сәуір күні әділқазылар алқасы барлық қатысушылардың өнерін бағалап, орындарын белгілейді. Қатысушылардың орындары жазылған тізім @altyn_gasyr_konkurs  инстаграм парақшасында 26-шы сәуір күні жарияланады.

27-28-ші сәуір  күндері барлық қатысушылардың жүлделі сыйлықтары мен диплом-медальдары Казпочта арқылы жөнелтіледі. Облыстарға хаттар 4-10  жұмыс күнде жетеді. Мекен-жайыңыз бен индексті мұқият қатесіз жазған абзал,  сонда  диплом мен сыйлықтар ертерек  адаспай  Қазпочтамен  жетеді.

БАЙЛАНЫС

+7 747 591 1097,  +7 700 340 80 01 ватсап,  8702 173 82 56

  altyngasyr.ortalygy@mail.ru 

Өтініш толтыру кестесі. Толық әрі сауатты толтырыңыз. (үлгі)

Қатысушының

 аты-жөні толығымен

 

Есжан  Рамазан  Жамбулұлы

Толық жасы

7  жас

Мектептің мекен-жайын немесе хатты алуға ыңғайлы өз үйіңіздің мекен- жайын  жазыңыз.

почталық индексі

(міндетті толтыру)

Алматы қаласы, Алатау ауданы,

№114 жалпы білім беретін мектеп

Коунрадская 12a. Индекс 050061

Қатысатын жанры

«Көркем сөз» жанры

Шығарманың атауы (авторы)

«Қазақстан». Авторы:М.Мақатаев

Қатысушының жетекшісі, жетекшінің  телефон нөмірлері:

(үй телефоны жарамайды,сотовый жазу қажет)

Қазақбайқызы Гаухар

8702 173 82 56

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo