Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аймақтық штабымен бірлесіп, 2020 жылғы 25 ақпанда жастар арасында қылмыстық жазалану мен әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында көрсетілім түріндегі сот процесін өткізуді жоспарлауда.
«Сот процесі» барысында ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-тармағы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қаралады.
Өтетін күні: 25 ақпан.
Өтетін уақыты: сағат 10.00.
Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Гвардиялық дивизия, көшесі, 34, ауд.116.
Ұйымдастыру комитеті