Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ағылшын сөздерін (Kazakhstan Spelling Bee 2017) дұрыс жазу бойынша қазақстандық университеттер студенттері арасындағы ұлттық сайыс (өтініштер 28 қаңтарға дейін қабылданады)

Қазақстандағы АҚШ елшілігі, ағылшын сөздерін (Kazakhstan Spelling Bee 2017) дұрыс жазу бойынша қазақстандық университеттерінің студенттері арасында ұлттық сайыс жариялайды. Сайыс мақсаты –ағылшын тілі оқытуын бекіту және қазақстандық жастар арасында американдық мәдениетті кеңінен тарату.

Сайысқа бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алатын, Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады. Бірінші айналымның өту уақыты: 21 қаңтар - 12 ақпан 2017 жыл (Американдық Бұрыштардың үйлестірушілерімен анықталады).Әр қаладағы орын саны – 50 қатысушы.

Сайысқа қатысу тегін, іс –шараның ұйымдастырылуы, жүлделер, екінші турға Астанаға сапарды және тиісінше шығындарды Қазақстандағы АҚШ елшілігі өз мойнына алады. Қатысушылардың тіркелуі міндетті және http://bit.ly/2g9B5et сілтемесінде қол жетімді 2017 жылдың 28 қаңтарына дейін.

Сайысқа дайындық мақсатында Американдық Бұрыштар ( А.С. Пушкин атындағы кітапханаға жүгініңіздер) ағылшын сөздерін (Spelling Bee Club) дұрыс жазу клубын жүйелі түрде өткізуде. Толығырақ ақпаратты http://amcorners.kz/ сайтынан ала аласыздар.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ
× You found a Typo