ШҚО ТЖД облыс тұрғындарына борандар мен аяздар кезінде алыс сапарға шығудан бас тартуды ұсынады.
«Қазгидромет» РМК филиалы синоптиктерінің мәліметінше ертең облыстың кей жерлерінде қалың қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде желдің күші секундына 30 метрге дейін жетеді. Мұндайда жолдар қар құрсауында қалуы ықтимал. Сол себепті осы кезеңде қалааралық трассалар жабылады.
Сондай-ақ, 6-7 ақпанда ауа температурасы күрт төмендейді. Кей жерлерде термометр бағаны -45 градусқа дейін түсуі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға пешті қолдану ережелерін қатаң сақтау ескертіледі. Пешті қатты қызып кетпес үшін арасына үзіліс жасай отырып, күніне 3 реттен көп жақпау қажет. Электр жылытқыштарды қолданғанда да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған жөн.
АҚ, ТЖ және еңбекті қорғау штабы