Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚПАРАТ ХАТ

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

АҚПАРАТ ХАТ

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 15 мамырында сағат: 10.00 Ғылым ордасының концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызы Оралбайдың 90 жасқа толуына арналған«Қазақ тіл білімі: жаңа ғылыми бағыттар және оқытудың заманауи әдістері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

  • Грамматика және сөзжасам мәселелері
  • Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы
  • Қазақ тіл білімі және түркітану саласындағы жаңа бағыттар
  • Әдістеме ілімінің өзекті мәселелері және жаңа технологиялары

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі толық 5 параққа дейінгі баяндама мәтіні 2 дана, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болуы керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшамен), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін ағылшынша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша, ағылшынша, өзге тілде жазылған мәтін үшін қазақша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) жазылады.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Басылым жұмыстары үшін 3000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасы төленеді. Шетелдік қатысушылардың мақалалары жинақта тегін жарияланады. Алматы қаласынан басқа аймақтар ұйымдастыру жарнасын төлегені жөніндегі түбіртекті сканерден өткізіп, электронды поштаға (maral.rysbaeva@mail.ru,baltabaevazhanalik@mail.ru ) жібере алады.

Банк реквизиттері:

Алматы қаласы

БАНКТІҢ АТАУЫ «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ

KZ118560000003278880

БАНКТІҢ БСК: KCJBKZKX

БАНКТІҢ БСН: 980640000093

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институты, практикалық тілдер кафедрасы, 516-кабинет (Қазыбек би,30) Шаханова Розалинда Әшірбайқызы, + 7 701 731 20 97; Османова Зейнеп Жалалықызы, + 7 701 312 60 62; қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасы, 422-кабинет (Достық даңғылы,13) Даулетбекова Жанат Турарбекқызы, +7 707 217 28 82; Балтабаева Жаңалық Қылышқызы +7 701 666 12 07. Электронды пошта: maral.rysbaeva@mail.ruzeinep1975@mail.ru, zh.dauletbekova@mail.ru,baltabaevazhanalik@mail.ru. Мақала мәтінін (файл атауы: секция №; мақала авторының аты-жөні (1.2._Мұхтаров_мақала); өтінімді (өтінім үлгісі бар); түбіртекті (электронды түрде болса, сканерленген) 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетініңmaral.rysbaeva@mail.ruzeinep1975@mail.ru zh.dauletbekova@mail.ru, ,baltabaevazhanalik@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

«Қазақ тіл білімі: жаңа ғылыми бағыттар және оқытудың заманауи әдістері»

15 мамыр, сағат - 10:00

Конференцияның жұмыс бағыттары:

  • Грамматика және сөзжасам мәселелері
  • Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы
  • Қазақ тіл білімі және түркітану саласындағы жаңа бағыттар
  • Әдістеме ілімінің өзекті мәселелері және жаңа технологиялары

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.

Өтінімді, түбіртекті 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Материалдарды ресімдеу тәртібі және қосымша ақпарат сілтемеде берілген.

Біздін instagram https://www.instagram.com/study_up_vkgu/?hl=ru және facebook https://www.facebook.com/groups/1083449038431459 тіркелініз.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

 

 

Қазақ
× You found a Typo