Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық  хабарлама

British Council (Британдық Кеңес) «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесе отырып, «Шеврон» компаниясының қолдауымен FameLab халықаралық конкурсы пішімінде жас ғалымдардың ұлттық конкурсын өткізеді. Аталған конкурс аса ірі ғылыми коммуникация конкурстарының бірі болып табылады және Еуропаның, Азия мен Африканың 20-дан астам елінде өткізіледі.

Конкурстың мақсаты – дарынды жарқын жас ғалымдарды анықтау және олар өздерінің ғылыми мүдделерін жұртшылықпен ағылшын тілінде бөлісе алуы үшін олардың ғылыми коммуникация машықтарын дамыту. Сондай-ақ конкурстың мақсаты бүкіл дүние жүзіндегі жас адамдардың арасында ғылымды насихаттау болып табылады.

Қазақстандағы конкурстың бірінші сатысы шеңберінде 10 финалшы іріктеліп алынады. FameLab конкурсының әр финалшысы адамдармен араласу және көпшіліктің алдында шығып сөйлеу машықтары бойынша коммуникациялар жөніндегі әлемдегі майталман мамандардың бірінен Астана қаласында өтетін мастер-класс түріндегі кепілді жүлдені иеленеді. Шеберлік сабағында олар жұртшылықпен өзара әрекеттесудің неліктен маңызды екенін біледі, презентация жасау мен бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бойынша баға жетпес машықтарды үйренеді, сондай-ақ ғылыми зерттеудің түрлі бағыттарындағы ғалымдармен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болады!

Жалпыұлттық конкурстың жеңімпазы Челтнемдегі (Ұлыбритания) дәстүрлі ғылыми фестивальге барады және 2018 жылдың жазында FameLab конкурсының халықаралық финалына қатысады.

Конкурсқа технологиялар, инженерлік ғылымдар, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласында жұмыс істейтін немесе оқып жүрген 21 – 40 жастағы кез келген адам қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін онлайн-өтінім беру қажет, ол British Council www.britishcouncil.kz/kk/famelab сайтында 2018 жылғы 10 қаңтарға дейін ашық болады.

Конкурс туралы толығырақ ақпаратты жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша British Council веб-сайтына өту арқылы білуге болады. Конкурстың жұмыс кестесі төменде келтірілген:

  • 2018 жылғы 10 қаңтар, сағат 23:59-ге дейін – конкурсқа өтінім берудің ең соңғы мерзімі
  • 2018 жылғы ақпан – наурыз – конкурстың 10 финалшысы үшін адамдармен араласу және презентация жасау машықтары бойынша Астана қаласындағы 2 күндік тренинг
  • 2018 жылғы наурыз – Астана қаласындағы конкурстың финалы
  • 2018 жылғы маусым – Ұлыбританияның Челтнем қаласындағы халықаралық конкурстың финалы

Астана қаласында өтетін тренингіге және конкурстың финалына 10 финалшының, сондай-ақ Челтнемдегі халықаралық финалға конкурс жеңімпазының қатысуы бойынша шығыстарды British Council және «Шеврон» компаниясы өтейді.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда famelab@kz.britishcouncil.org электрондық мекенжайы бойынша хабарласыңыз.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

 

FAMELAB – ЖЕР БЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМ КОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ КОНКУРСТАРДЫҢ БІРІ

Егер де Сіз 21 жастан 40 жасқа дейін болсаңыз және ғылыми концепцияны ағылшын тілінде үш минут ішінде түсіндіре алатын болсаңыз, осы конкурсқа неліктен қатыспауға? Сіз ғылымның жаңа тұлғасына айнала аласыз, Ұлыбританиядағы өткізілетін халықаралық FameLab конкурсында Қазақстанды көрсете аласыз және ғылыми коммуникациялардың кең мүмкіншіліктеріне қол жеткізе аласыз!           

Сілтемені өз бейнежазбаңызға қосып, онлайн-тіркелу нысынын 2018 жылғы 10 қаңтарға дейін толтырыңыз. FameLab конкурсы Қазақстанда «Қазақстандағы Шеврон» компаниясының қолдауымен, «Ғылым қоры» АҚ-мен ынтымақтастықта  жүзеге асырылуда. FameLab халықаралық конкурсының финалы Cheltenham Science Festivals и British Council бірлесе өткізіледі.

FameLab конкурсы туралы көбірек білу үшін British Council парақшасына кіріңіз https://www.britishcouncil.kz/kk/famelab

Егер сізде сұрақтарыңыз болса, бізбен осы электрондық поштамен famelab@kz.britishcouncil.org байланысыңыз.

 

Қазақ
× You found a Typo