Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық хат - 18 қыркүйек

Ақпараттық хат

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті 2020 жылдың 18 қыркүйек күні ҚР ҰҒА Академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сейтқасымов Ғабдығапар Сағитұлының 80 жылдығына арналған «Сейтқасымов оқулары – 2020» тақырыбы бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.

Конференцияның мақсаты: экономиканың, қаржы және банк саласының, білім беру мен әлеуметтік-саяси сектордың алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктеріне сәйкес келетін деңгейге шығу жолдарын іздеу тұрғысынан жаңа сын-қатерлер мен дағдарыстық күйзелістер жағдайында ұлттық және әлемдік экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау. Сонымен қатар, конференция барысында ҚР ҰҒА академигі Ғ. С. Сейткасимовтың туған күінен 80 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім саласындағы үлкен ғалым және қайраткеріне естелік ретінде құрмет көрсету жоспарланып отыр.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:

1) Жаһандану кезендегі Қазақстан Республикасы экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы;

2)  Дағдарысқа қарсы басқарудың қазіргі аспектілері;

3) Қаржы-кредит қатынастары саласындағы дағдарысқа қарсы шаралардың үрдістері мен басымдықтары;

4) Экономика саласындағы бухгалтерлік есеп және аудит жүйелерін интеграциялаудың қазіргі заманғы тәсілдері;

5)  Маркетингтің теория мен тәжірибесінің қазіргі мәселелері;

6) Туризм: қазіргі заманғы мәселелер және даму үрдістері;

7)  Экономика саласындағы ақпараттық әдістер  мен технологиялар.

Қарастыру үшін ұсынылатын мәселелер әлемдік және қазақстандық экономикада және жалпы қоғамда болып жатқан қазіргі кризис жағдайында шешуді талап ететін мәселелерді қамтиды. Қатысушылар ұсынатын экономиканың барлық секторларын, соның ішінде қаржы және банк жүйелері, маркетинг пен менеджмент, бухгалтерлік есеп, аудит, статистика және бағалау, туризм, дамытудың одан әрі бағыттары дағдарыстан кейінгі қиындықтарды тиімді еңсеру шараларын әзірлеуге бағытталатын болады.

Конференцияда пленарлық және секциялық отырыстарда баяндамалармен және презентациялармен онлайн режимде жұмыс істеу, сондай-ақ дөңгелек үстел отырыстарында өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда. Іс-шаралар ZOOM, WebEx платформаларында өтеді.

Конференция материалдары электрондық жинағында орналастырылады.

Қатысу шарттары

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 1 маусымына дейін қағаз және электрондық нұсқаларындағы келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- қоса берілген нысан бойынша қатысуға өтінім;

- төменде келтірілген талаптарға сәйкес рәсімделген баяндама (мақала көлемі 7-8 бет);

- реквизиттер бойынша университеттің ағымдағы шотына енгізілетін 2000 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртек.

IBAN KZ52 551Z 1280 0001 2KZT

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Каѕѕа Nova Банк» АҚ филиалы

СТН 600 300 112 623

ЖСН (БСН) 000 840 001 204

ОКПО 39350963

BIC KSNV KZ KA

КБе18

Ақша аудару кезінде «Сейтқасымов оқулары» конференциясына» деген белгі қойып, өзінің аты-жөнін көрсету қажет.

Ұйымдастыру жарнасын Kaspi.kz қосымша арқылы төлеуі де мүмкін.

Конференция жұмысына қатысу үшін материалдарды мына мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз:

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті,

Қазақстан Республикасы, 010005, Нұр-Сұлтан қаласы, Жұбанов көшесі, 7.

Тел.: +7 (7172) 270101 (ішкі 178, 118); Факс +7 (7172) 37-16-22

E-mail: science.roza.2020@mail.ru

Жауапты тұлға - Берназарова Роза Диясовна.

«Сейтқасымов оқулары-2020»

ҚазЭҚХСУ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына

қатысуға өтінім

1. Баяндамашының Т.А.Ж.

2. Ғылыми дәрежесі, атағы

3. Жұмыс орны, лауазымы

4. Телефон (ұялы.), факс, e-mail

5. Баяндама атауы

6. Қатысу түрі (күндізгі, сырттай)

7. Қонақ үйді брондау қажеттілігі

Баяндаманы рәсімдеу талаптары

Баяндама мәтіні А4 (210х297 мм) форматындағы көлемі 7-8 беттен аспайтын (суреттер мен кестелерді қоса алғанда) Word for Windows 97-2003 мәтіндік редакторында Times New Roman (Times New Roman, Times/Kaz және т.б.) шрифтімен, көлемі 14, интервал 1,0, бет жиектері - 20 мм болуы тиіс.

Материалдарды ресімдеу тәртібі

Беттің сол жақ жоғарғы бөлігінде мақала атауының алдында ӘОЖ басылады (міндетті түрде). Бұдан әрі парақтың оң жағында автордың тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны және қаланың атауы басылады. Бос орын арқылы парақтың ортасында бас әріптермен баяндама атауы, одан кейін жарияланатын материал мәтінінің тілінде аңдатпа (5-6 сөйлем), одан әрі кілт сөздер (7 сөз) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылады.

Пайдаланылған әдебиетке сілтемелер мәтінде тік жақшада басылады. Пайдаланылған әдебиет тізімі мәтіннің соңында басылады. Мақала соңында, әдебиеттер тізімінен кейін аңдатпа аудармасы болуы тиіс (қазақ/немесе орыс және ағылшын тілдерінде). Жеке парақта жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және ұялы телефоны хат-хабар үшін жоғарыда көрсетілген мекен-жайы  бойынша авторлық анықтама беріледі.

Мақаланың мазмұны мен деректердің шынайылығына автор жауапты.

Ұйымдастыру комитеті мазмұны мен рәсімделуі бойынша белгіленген талаптарға сай рәсімделмеген баяндамаларды жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға келуге және тұруға байланысты шығындар қатысушылардың өз есебінен жүзеге асырылады.

Құрметпен,

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo