Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық хат «Абай және музыка-2020» аймақтық конкурс-фестивальдің қатысушылары үшін

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Ақпараттық хат

«Абай және музыка-2020»

аймақтық конкурс-фестивальдің қатысушылары үшін 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Музыкалық білім кафедрасы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар аясында вокалдық орындаушылық шеберлік бойынша қашықтықтан аймақтық байқау - фестивалін өткізеді.

Мақсаты мен міндеттері: 

1.Абайдың музыкалық мұрасын ұғыну.

2. Абай және Қазақстан халқының музыкалық мәдениетін шығармашылық насихаттау.

3.Шығармашыл жастарды анықтау және қолдау.

4. Жастарды адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу.

Өткізу уақыты мен орны:

30 сәуір 2020 ж., Өскемен қ., қашықтық байқауы

Конкурс-фестивальдің ұйымдастырушысы:

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Конкурсқа барлық тілек білдірушілер қатыса алады: колледж, жоғары оқу орындары және жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.

Әрбір қатысушы фестиваль-конкурсқа Абайдың өлеңіне жазылған 1 шығарманы (әнді), өзінің немесе баска автордың Абайға арнап жазған шығарманы (ән, романс) «минус-1» фонограммасына немесе кез келген музыкалық аспаптың (домбыра, баян, фортепиано, гитара және т.б.) сүйемелдеуімен Абайға арналған туындыны ұсынады. 

Фонограммалар мен костюмдерді қатысушылар өздері қамтамасыз етеді.

Өңірлік конкурс-фестиваль қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: орындалатын шығарманың конкурс тақырыбына сәйкестігі, орындаушылық шеберлігі, музыкалылығы, интонациялаудың дәлдігі, әртістік шеберлігі, орындаудың көркем мәнерлілігі, дауысты иелену еркіндігі, айқындылығы, бірегейлігі, орындалатын шығарманың сахналық бейнесінің сәйкестігі, кәсіби аранжировка, сахна мәдениеті.

Конкурс-фестивалді өткізу регламенті:

Жеңімпаздарға «өңірлік конкурс-фестивальдің лауреаты» атағы беріледі.

Жеңімпаздар арасында «Гран-при» иегері және I, II, III дәрежелі «өңірлік конкурс-фестиваль лауреаттары» атақтары берілген үш жүлделі орын анықталады.

Конкурстың  өткізілу уакыты мен тәртібі:

Тапсырыстар abay_uk175@mail.ru электрондық почтасында «Абай және музыка 2020» белгісімен видео, аудио файлдармен 2020ж  26 сәуір   сағат 23.55 дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген және талапқа сай емес видео, аудио жазбалар қабылданбайды.

Конкурс қорытындысы бойынша қорытындысы www.vkgu.kz сайтында 2020 ж 30 сәуірінде жарияланады.

Жеңімпаздардың дипломы, сертификаты қатысушының электрондық адресіне жіберіледі.

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

Конкурсқа қатысуға өтінімі

«Абай және музыка-2020» өңірлік конкурс-фестивалінің қатысушылары қатарына қосуыңызды сұраймын»:

Байқауға қатысушының аты-жөні, туған күні(құжаттың көшірмесімен қоса)

Мекен жайы, телефон

Оқу орны, жұмысы

Орындалатын шығармалар (автор, атауы)

Жетекшінің аты-жөні

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

Музыкалық білім беру кафедрасы

 

Қазақ
× You found a Typo