Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ («Халықаралық импакт-факторлы журналдарға мақалаларды дайындау және жариялау») - 28 қараша

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылдың 28 қарашасынан бастап Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі «Халықаралық импакт-факторлы журналдарға мақалаларды дайындау және жариялау» тақырыбында семинарлар циклын өткізеді.

Семинарлар мақсаты – университет ПОҚ және қызметкерлерінің публикациялық белсенділігін жоғарлату және қолдау.

Семинар интерактивті сабақ түрінде өткізіледі. Семинар нәтижесінде қатысушылар өз мақалаларын халықаралық нөлдік емес импакт-факторлы журналдарға дайындап, қарастыруға жібереді. Қатысушылар саны шектеулі – 15 адам. Бірақ, шағымды нәтиже жағдайында семинар тұрақты түрде өткізіледі. Семинар орыс тілінде өткізіледі.

Семинарға қатысу үшін қатысушыларда жариялауға дайын материал болуы тиіс. Семинарлар барысында қатысушыларға журналды дұрыс таңдау, журнал талаптарына сай мақаланы дайындау және таңдалынған журналға мақаланы жіберу бойынша көмек көрсетіледі.

Семинар нәтижесі – қарастыруға жіберілген мақала болып табылады. Қатысу үшін сертификаттар берілмейді.

Семинарларды өткізу уақыты, орны және жиілігі қатысушылардың жұмыс кестесіне байланысты өзгертіледі.

Семинарға қатысам деушілер, 2018 жылдың 15 қарашасына дейін қатысушы формасын толтырып, ағымдағы жұмыс кестесін тіркеп, «Семинарға қатысу» белгісімен m.abilev@mail.ru электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз. Сұрақтар бойынша ҒЗЖ ұйымдастыру бөліміне (Абилев Мади Балтабаевич) 24-14-01 (135) телефоны арқылы хабарласыңыз.

Таңдалынған қатысушыларға семинардың бірініші сабағының уақыты мен орны электрондық пошта арқылы 2018 жылдың 25 қарашасына дейін хабарланады.

 

«Халықаралық импакт-факторлы журналдарға мақалаларды дайындау және жариялау» семинарына қатысу формасы

 

Т.А.Ә.

 

Кафедра (корпус), лауазымы

 

Мақала атауы

 

Ғылыми бағыты

 

Мақала сатысы

 

Қатысушыға ыңғайлы уақыт

(апта күні, уақыты)

 

Байланыс мәлімететрі (эл. пошта, телефон)

 

                                                                              

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo