Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2016ж. 12 желтоқсанында Шығыс Қазақстан Облысының 11 сынып оқушылары арасында физика пәні бойынша облыстық «Физика және Астрономия» атты олимпиада өткізеді.

Облыстық олимпиаданы өткізудің талаптары мен реті:

Қатысушыларды тіркеу: 9.30-10.00 с.

Олимпиада өтетін орын: Ворошилова көшесі 148, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ № 7 оқу ғимараты, 404 ауд.

Олимпиада тілі: қазақша, орысша

Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін тереңірек және нақты физика білімдерін игеруге, зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын дамыту болып табылады.

Тапсырмаларды бағалау критерилері

I тур тесттік тапсырмалар. Физиканың әр бөлімі бойынша 40 тестік тапсырмалар. Ең жоғарғы балл –40.

1.Механика – 10 сұрақ

2.Молекулалық физика -10 сұрақ

3.Электр және магнетизм – 10 сұрақ

4.Оптика – 10 сұрақ

І тур нәтижесі бойынша 25 балдан жоғары жинаған қатысушылар келесі турға жіберіледі.

II тур (іс-тәжірибелік тур) –2 іс-тәжірибелік тапсырмалар. Ең жоғарғы балл –30.

II турда (2 іс-тәжірибелік тапсырмалар) қатысушыларға іс-

тәжірибелік тапсырмалар және дайындыққа шектеулі уақыт беріледі.

Қатысушылар 2 тур бойынша тапсырмаларды орындағаны үшін жинайтын ең жоғары нәтиже 70 балға тең.

Олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлері Олимпиаданың 2 турының қорытындысы бойынша анықталады. 1 дәрежелі дипломмен марапатталған қатысушы Олимпиада жеңімпазы болып саналады. 2 және 3 дәрежелі дипломмен марапатталған  қатысушылар Олимпиада жүлдегерлері болып саналады.

Олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлері университет дипломдарымен марапатталады. ШҚМУ қарастырылған қабылдау Ережесінің тәртібіне сай, әділқазылар алқасының

хаттамасына сәйкес Олимпиада қорытындысы ШҚМУ 1 курсына ақылы оқуға түсер кезде есептелінеді. Олимпиада жеңімпазы мемлекеттік білім тапсырысының сайысына қатысып, бірінші мамандық ретінде олимпиаданың профилді мамандығын және ШҚМУ кодын белгілейді. Шығынын толық өтеу бойынша оқуға қабылданған олимпиада жеңімпазы 1 оқу жылына университет грантының иегері атанады, ал жүлдегерлерге оқу ақысының 50%

төлеуге жеңілдік беріледі.

Олимпиадаға қатысу туралы өтінімді электронды түрде 2016ж.  желтоқсанның 10а  дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

Олимпиадаға қатысу өтінімі

Мектеп атауы,

қала, аудан, село

 

Қатысушының

АЖТ(толығымен)

 

Қатысушының

байланыс

ақпараты,

тел., e-mail

Оқытушының

АЖТ

(толығымен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен - жайы: Өскемен қаласы, Ворошилова  көшесі 148, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ,

№ 7 оқу ғимараты 404 каб. Анықтама телефоны: физика және технологиялар  кафедрасы 8 (7232) 22-46-80  е-mail: kaf_fiziki@vkgu.kz.

Барлық қосымша мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетінің өкілдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: Бектасова Гульсым Сафуановна 87775817314, Жапарова Мейрамгуль Сериккановна 87074853363, Иманжанова Кульбарчин Тлеукановна 87058016667, Сакенова Римма Ерболатовна 87055425386.

ҚАТЫСЫҢЫЗДАР ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗ БОЛЫҢЫЗДАР!

Қазақ
× You found a Typo