Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

Өскемен қаласы және  облыс мектептері мен колледждері түлектері арасында құқық негіздері пәнінен облыстық олимпиада өткізу туралы

С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің (ШҚМУ) Экономика және құқық факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы Өскемен қаласы және облыс мектептері мен колледждері түлектері арасында   құқық негіздері пәні  бойынша  олимпиада өткізеді.  

I. Жалпы ережелері

 1. Қалалық олимпиада қатысушылары

Олимпиадаға Өскемен қаласы және облыс  мектептері мен колледждерінің   2017 жылғы түлектері қатысады. Қатысуы ерікті.

2. Олимпиада тілі: қазақ, орыс.                                                                                   

3. Олимпиаданың өткізілу мерзімдері:  1 кезең 17 наурыз 2017 жылы, 2 кезең  – 31 наурыз  2017 жылы.

II. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Құқық бойынша облыстық олимпиада Өскемен қаласы мен облыс мектептері мен колледж түлектері арасында өткізіледі және екі кезеңнен тұрады:

− бірінші кезеңі – іріктеу кезеңі, сырттай өткізіледі;

−екінші кезеңі – қорытынды кезең, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ № 1 оқу ғимаратында өткізіледі.

 1 кезең – сырттай айналым.

 Сырттай айналым сайысы: «Қазақстан демократиялық және құқықтық мемлекет?» тақырыбына эссе  жазу түрінде өтеді. Аталған эссе көлемі 3 баспа беттен тұрады, ҚР Конституциясы негізінде  жазылған, аталған тақырып бойынша қатысушылар көзқарасынан тұратын болады (осы жерде «демократиялық мемлекет» және «құқықтық мемлекет» ұғымдары  тарихына да қысқаша тоқтауға болады).

Сырттай айналым тапсырмасын бағалау критерийлері:

- Эссе мазмұнының айтылған тақырыпқа сәйкестігі.

Көзқарасын білдірудің тұтастығы, аяқталған болуы.

Автордың ойларының қисындылығы, бірізгілігі.

- Автордың көзқарастарының айғақтылығы (соның ішінде, өз көзқарастарын әдебиетке және тәжірибеден алынған мысалдарға сүйене отырып білдіру  қабілеті).

- Өз көзқарастарын білдіруінің орындылығы (соның ішінде, тіл мәдениеті).

Айналымның ең жоғары бағасы - 15 балл.

Материалдарды 2017 жылдың 17 наурызына дейін келесі электронды мекен жайға: zbukanova@mail.ru немесе 30-шы Гвардияшылар 34, 212 аудиторияға әкеліп тапсыруға болады.

2 кезең –қорытынды айналым

1 сайыс – құқық негіздері бойынша тестілеу – 30 сұрақ.

1 Сайыста алатын ең жоғарғы баға – 60 балл.

2 сайыс «Үй тапсырмасы»: Қатысушылар «Белсенді құқықтық сана дегеніміз не?» тақырыбына ауызша мультимедиялық құралдарды қолдана отырып жасалған презентация, жоба немесе шығарма  қорғайды.  (қорғауға 5-7 минут беріледі). Тақырыпты қорғау барысында:

- құқықтық сана ұғымын, түрлерін ашу қажет;

- Қазақстан азаматтарының құқықтық санасы  жөнінде өз пікірін білдіру  қажет;

- Қазақстан азаматтарында белсенді құқықтық сана қалыптастыру   үшін не қажет? Пікірлерін  негіздей отырып  білдіру қажет.

2 сайысты бағалау критерийлері:

- Ой-пікірлері  мазмұнының айтылған тақырыпқа сәйкестігі.

Көзқарасын білдірудің тұтастығы, аяқталымдығы.

Ойларының қисындылығы, бірізгілігі.

- Көзқарастарының айғақтылығы (соның ішінде, өз көзқарастарын әдебиетке және тәжірибеден алынған мысалдарға сүйене отырып білдіру  қабілеті).

- Көзқарастарын білдіруінің орындылығы (соның ішінде, тіл мәдениеті).

Үй тапсырмасы үшін ең жоғары баға  - 15 балл.

3 Сайыс есептер шешу  

Ең жоғарғы баға - 10 балл.

IIIҚатысушыларды марапаттау

Екі кезеңді қорытындылай келе  – тапсырмаларды орындау үшін мүмкін болатын ең жоғарғы балл  – 100.

Олимпиада жеңімпаздары оның қорытынды кезеңінің нәтижелері бойынша анықталады. Олимпиада женімпаздары болып 1 дәрежедегі дипломдармен марапатталған олимпиада қатысушылары табылады. Олимпиада жүлдегерлері болып 2 және 3 дәрежедегі дипломдармен марапатталған олимпиада қатысушылары табылады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері университет дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдарының түпнұсқаларына Олимпиаданың Ұйымдастыру комитетінің Төрағасының қолы қойылып, ШҚМУ мөрі басылады. Дипломдарды табыстау Ұйымдастыру комитеті бекіткен мерзімдерде өткізіледі. Жеңімпаздың  (жүлдегердің) сұранысы бойынша олимпиада Ұйымдастыру комитеті www.vkgu.kz адресы бойынша «Олимпиада» беті арқылы оның дипломының электронды нысанын жолдайды. Дипломның түпнұсқасы мен оның  электронды түрінің заңды күші бірдей болады.

Қазылар алқасының хаттамасына сәйкес олимпиада нәтижелері, ШҚМУ қабылдау Ережелерінде көзделген тәртіппен ШҚМУда ақылы оқудың 1 курсына түсу кезінде ескеріледі. Олимпиада жеңімпазы,  біріншіден  олимпиаданың бейінді  пәнін және ШҚМУ кодын көрсете отырып, мемлекеттік білім тапсырмасы бойынша  конкурсқа қатысады. Ақылы оқуға түсетін олимпиада жеңімпазы, 1 оқу жылына университет грантын алады.

IV. Олимпиаданың Күн тәртібі

1 кезең (сырттай) – 17 наурызда  өтеді.

2 кезең  (қорытынды) – 2017 жылы 31 наурызда сағат – 11-00, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты, 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 34 мекенжайында өтеді.

10.30-11.00 – олимпиадаға қатысушыларды тіркеу.

11.00-11.25 – олимпиаданың салтанатты ашылуы.

11.25-11.50 – қатысушыларды университетпен, факультетпен және мамандықтармен таныстыру.

12.00-12.30 – 1 айналым (тестілеу).

12.40-14.00 – 2-3 айналым.

14.00-14.30– қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау және олимпиаданың жабылуы.

2017 жылдың 17 наурыз дейін Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кфедрасына олимпиадаға қатысуға Сұранымдарыңызды жіберуді сұраймыз. Мекен жайымыз: Өскемен қ., 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 34, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ № 1 оқу ғимараты, 212 аудитория, тел.: (8 7232) 540-149, эл. ад.: zbukanova@mail.ru

Сұраным түрі

Қатысушының ТАЖ

Мектеп №

Байланысу ақпараты (қатысушының мекенжайы, тел.)

Жетекшісі, оның байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 ЭжҚФ деканы, э.ғ.к., А.Мухамедиева,              

Азаматтық құқық және азаматтық

іс жүргізу каф. менгерушісі, з.ғ.к. А.Сәбитова

Қазақ
× You found a Typo