Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 2018 жылы 12 мамыр күні  Алматы қаласында өтетін

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫНА

қатысуға шақырамыз.

Қазақстан ПҒА-ның сессиясына ғалымдар

Академияға мүшелігіне қарамастан шақырылады.

ҚАЗАҚСТАН ПҒА СЕССИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

·​  Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Модераторлар: А.Қ.Құсайынов және К.Ө.Қонакова.

·​  Академия мүшелерін сайлау.

Академия мүшелерін сайлау Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясына сайлану туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (Қосымша). Сессия қатысушыларының баяндама бағыты: «Жаңа индустриалды революция: білім беру жүйесі қалай өзгеруі керек?».

Сессия мәжілісі әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің «Философия және саясаттану» факультетінің мәжіліс залында (123-аудитория) 12 мамыркүні сағ.10:00-де өткізіледі.

Мекен-жайы: Масанчи, 39 (Бөгенбай батыр көшесі қиылысы).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2-мамырға дейін.

Ақпарат үшін: Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 050026, Алматы қ., Төле би к-сі, 155, 4-қабат, 401 каб. Веб-сайтwww.apnk.kz

Анықтама үшін: Мұнарбаева Ақторғын Орынбекқызы, Самадин Аққу Нурболатқызы, тел.: 8 (727) 221-25-95, 378-46-57, e-mail: apnkaz@mail.ru.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНА

САЙЛАНУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Бұл Ереже Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясына Академияның толық мүшелерiн (академиктерiн), корреспондент-мүшелерiн, шетелдік мүшелерін, құрметтi академиктерiн, сондай-ақ Академия мүшелерін және ұжымдық мүшелерiн сайлаудың ретiн анықтайды

1. Қазақстанның Педагогикалық Ғылымдар Академиясының (әрі қарай мәтінде - Академия) толық мүшелерін (академиктерiн), корреспондент-мүшелерiн, құрметтi академиктерiн және шетелдік мүшелерін сайлау Академияның Жарғысы мен осы Ережеге сай Академияның жалпы жиналысында жылына екі рет, Академия Президиумы белгілеген уақытта өткiзедi.

2. Академия мүшелерін және ұжымдық мүшелерiн сайлау өтініш түсуіне қарай Академия Президиумының кезекті мәжілісінде өткізіледі.

3. Академия Президиумы жыл сайын атақтардың әрқайсысы бойынша бос орындарды анықтайды.

4. Академияның толық мүшелерi (академиктер), корреспондент-мүшелерi, құрметтi академиктерi, шетелдік мүшелерімен мүшелерi өмiр бойына сайланады.

5. Академияның толық мүшелерiн, корреспондент-мүшелерiн және құрметтi ака-демиктерiн сайлау туралы хабар республикалық баспасөзде сайлау өтетiн күннен бiр ай бұрын жарияланады.

6. Академияның толық мүшесі болып ғылым докторы ғылыми дәрежесi және өзінің ғылыми мектебі бар, елімізде және шет елдерде кеңінен танымал бiлiм, ғылым, мәдениет салаларының көрнектi қайраткелерi, Академияның корреспондент-мүшелерi, ерекше жағдайларда Мемлекет және қоғам қайраткерлері сайланады.

7. Академияның корреспондент-мүшесі болып ғылым докторы және кандидаты ғылыми дәрежесi бар, бiлiм, ғылым, мәдениет салаларының көрнектi қайраткерлерi сайланады.

8. Академияның құрметтi академигi болып ғылым докторы ғылыми дәрежесi бар көрнекті ғалымдар, еліміздің білім беру жүйесінің дамуына ерекше мол үлес қосқан ғылым, білім, мәдениет салаларының ұйымдастырушылары сайланады.

9. Академияның мүшесі болып бiлiм, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, бiлiм беру жүйесін ұйымдастыру мен дамытуда мол тәжiрибе жинақтаған жаңашыл мұғалiмдер, зерттеушi мұғалiмдер, әдiскер-мұғалiмдер сайланады.

10. Академия Жарғысы ұжымдық мүшелiктердi де қарастырады. Академияның ұжымдық мүшелiгіне бiлiм мен тәрбие мекемелерi (мектептер, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары және т.б.), Республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-зерттеу және басқа да институттар мен орталықтар, Академияның мiндеттерiн iске асыруға бағытталған бiлiм, ғылым мен мәдениеттi дамытуды өзiне мақсат етiп қойған қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктер сайланады.

11. Академияның толық мүшелігіне, корреспондент-мүшелігіне және құрметті академигіне сайлануға кандидаттарды ұсыну құқығы жоғары оқу орындарының, білім беру және ғылыми мекемелердің, республикалық және облыстық (қалалық) білім беру саласы қызметкерлерінің білімін жетілдіру институттарының ғылыми кеңестеріне беріледі.

12. Академияның мүшелігіне сайлануға кандидаттарды ұсыну құқығы облыстық, қалалық, аудандық білім басқармалары мен педагогикалық ұжымдарға беріледі.

13. Академияның толық мүшесі және корреспондент-мүшесі болып сайлану мақсатында конкурсқа қатысу үшiн Академия Президиумына төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруы керек:

- Академия президентi атына конкурсқа қатысуы жөнiндегi өтiнiш;

- өмiрбаяндық анықтама;

- ұсынылғаны жөніндегі Ғылыми кеңестің шешімі;

- жеке iс парағы (үй және қызмет орнының мекен-жайы, телефондар, факстер, e-mail мiндеттi түрде көрсетілуі қажет);

- негізгі ғылыми еңбектерiнiң тiзiмi;

- жоғары бiлiм, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілгені туралы дипломдар көшiрмесi;

- ғылыми-педагогикалық жұмысы жөніндегі қысқаша есебi;

- педагогика ғылымы мен білім сапасын көтерудің маңызды проблемаларына арналған, қортындылар мен ұсыныстар айтылған баяндама;

- 3 дана сурет (3х4 көлемiнде).

Академияның ұжымдық мүшесiне сайлану үшін төмендегi құжаттарды тапсыруы керек:

- Академияның президентi атына өтiнiш;

- бiлiм беру қызметiн атқаруға берiлген лицензия көшiрмесi;

- соңғы 3 жылда жасалған бiлiм беру қызметi туралы қысқаша анықтама.

14. Академияның мүшесі болып сайлану үшiн Академия Президиумына төменде көрсетілген құжаттарды бір данадан тапсыру керек:

- Академия президентi атына өтiнiш;

- өмiрбаяндық анықтама;

- ұсынылғаны жөніндегі педагогика ұжымының шешімі;

- жеке iс парағы (үй және қызмет орнының мекен-жайы, телефондар, факстер, e-mai мiндеттi түрде көрсетілуі қажет);

- негізгі ғылыми және методикалық еңбектерiнiң тiзiмi;

- жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;

- педагогикалық жұмысы жөніндегі қысқаша есебi;

- 3 дана сурет (3х4 көлемiнде).

15. Академияның толық мүшесі, корреспондент-мүшесi және мүшесi болып сайланғандар белгiленген көлемде бiр рет кіру жарнасын төлейдi. Академияның құрметтi академиктерi мүшелiк жарна төлеуден босатылады.

16. Академияның толық мүшесі, корреспондент-мүшесi болуға үміткер Академияның жалпы жиналысына қатысып, ғылыми баяндама жасау міндетті. Академияға сайлану әр үміткерге жеке жабық дауыс беру тәртiбімен өткiзіледi. Жалпы жиналысқа қатынасқан Академия мүшелерінің көпшілігі қолдап дауыс берген жағдайда үміткер Академияға мүшелікке қабылданады.

Академия Президиумында қаралуы үшін барлық үміткерлер құжаттарын және баяндамаларынын тезисін Сессия отырысынан 10 күн бұрын тапсыруы қажет.

17. Академияға сайланған адамдарға арнайы куәлік пен диплом тапсырылады. Олар Академияның жарғысына сәйкес оның мүшелерiне белгiленген құқықтарды пайдалана алады.

18. Академия мүшелiгiнен шығу Президиумға берiлген өтiнiш арқылы iске асырылады. Президиум шешiмiнiң бұл ретте қажетi жоқ. Академиядан өз еркiмен шыққан адамдарға мүшелiк жарна қайтарылмайды.

19. Жарғының талаптарын бұзу және Академия қызметiне зиян келтiрiп, оның мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы әрекет жасау Академия Президиумы шешіміне орай оның құрамынан шығаруға соқтыруы мүмкiн. Бұл жағдайда Академия Президиумының шешімі ең соңғы шешім болып есептелінеді. Академиядан шығарылған адамдарға мүшелiк жарналар қайтарылмайды.

Академия мүшелерiнiң құқықтары:

- Академия өткiзетiн шараларға қатынасу;

- Академияның басқару орындары мен құрылымдық бөлімдерін сайлау және оларға сайлану;

- Академияның негізгі жұмыс бағыттарын, жобалары мен бағдарламаларын анықтау, жасау және оларды іске асыруға қатынасу;

- Академияның Президиумының қарауына ғылыми және ұйымдастырушылық ұсы-ныныстар жасау;

- Академияның жалпы жиналысына ғылыми және ғылыми-өнiдiрiстiк мәселелердi талқылауға ұсыныс жасау, ол үшін Академия Президиумын жазбаша түрде алдын-ала хабардар ету;

- Академияның секцияларын, бөлiмдерiн, филиалдарын, институттарын, ғылыми-практикалық орталықтарын, ғылыми-әдiстемелiк және басқа авторлық ұжымдарды құру туралы өтініш жасау;

- Академия өткiзетiн түрлi конкурстарға қатынасу;

- Академияның толық мүшелігі мен корреспондент мүшелігіне үміткерлерді ұсына алу;

- Академиядан еркiн шыға алу;

- Заң және Академия Жарғысы талаптарындағы, сондай-ақ Академияның жалпы жи-налысы мен Академия Президиумы шешiмдерiне байланысты берілген құқықтарды пайдалану.

Академия мүшесiнiң мiндеттерi:

- Академияның жарғы талаптарын іске асыру мақсатында жүргізілетін ғылыми-әдіс-темелік, баспа, көрме және басқа да жұмыстарды іске асыруға қатынасу;

- мұғалiм және ғылыми-педагог кадрлардың біліктілігін көтеруге ат салысу;

- Академияның және оның мүшелерiнiң педагогика, үздiксiз бiлiм мен тәрбие беру салаларындағы жетістіктерін насихаттау;

- Әр жыл сайын қаңтар айында жыл бойында атқарған ғылыми және педагогикалық жұмысы жайында Академия Президиумына есеп беріп отыру.

- Академияның әрекет аясын кеңейту және ұлғайту мақсатында оның қаржысын және материалдық мүмкiндiктерiн көбейтуге атсалысу;

- Академия Жарғысына сай басқа да мiндеттердi, сондай-ақ Академияның жалпы жиналыстары мен Президиум шешiмдерiн iске асыру.

Академия Президиумы хаттамасының көшірмесі

28 қаңтар 2012 ж. №1

Тыңдалды: Академияның мүшесіне өту үшін төленетін кіру жарнасы мөлшері туралы.

Шешім қабылданды: Кіру жарнасының мөлшері төменде көрсетілген шамаларда белгіленсін:

- толық мүше - 50 000 теңге;

- корреспондент мүше - 40 000 теңге;

- Академия мүшесі - 7 000 теңге;

- ұжымдық мүше, оның ішінде:

·​ ЖОО, республикалық ғылыми-педагогикалық, - 80 000 теңге;

зерттеу және басқа да институттар мен орталықтар;

·​ колледждер, облыстық ғылыми-әдістемелік, - 40 000 теңге;

зерттеу және басқа даинституттар мен орталықтар;

·​ КТМ, КТЛ - 30 000 теңге;

·​ мектептер, лицей, гимназиялар - 10 000 теңге.

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СЕССИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН ПҒА СЕССИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

·​  Білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Модераторлар: А.Қ.Құсайынов және К.Ө.Қонакова.

·​  Академия мүшелерін сайлау.

Академия мүшелерін сайлау Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясына сайлану туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (Қосымша). Сессия қатысушыларының баяндама бағыты: «Жаңа индустриалды революция: білім беру жүйесі қалай өзгеруі керек?».

Сессия мәжілісі әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің «Философия және саясаттану» факультетінің мәжіліс залында (123-аудитория) 12 мамыркүні сағ.10:00-де өткізіледі.

Мекен-жайы: Масанчи, 39 (Бөгенбай батыр көшесі қиылысы).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2-мамырға дейін.

Материалдарды ресімдеу тәртібі және қосымша ақпарат сілтемеде берілген.

Біздін instagram https://www.instagram.com/study_up_vkgu/?hl=ru және facebook https://www.facebook.com/groups/1083449038431459 тіркелініз.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

 

Қазақ
× You found a Typo