Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2018 жылдың 24 мамырында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жоғарғы мектептегі инклюзивті білім беру: жағдайы мен даму болашағы» атты Аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

Семинар инклюзивті білім беруді жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие және психология-педагогикалық практикасында іске асырудың қазіргі мәселелері мен болашағын талқылауға арналған.

Семинарды ұйымдастырушылар: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жұмыс тобы, әдістемелік жұмыс, практика және жұмыспен қамту бөлімі, Біліктілікті бекіту орталығы, «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, психология және коррекциялық педагогика кафедрасы.

Талқылауға ұсынылатын бағыттар мен мәселелер:

  • Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайы: Өскемен және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жоғары оқу орындарының тәжірибесі;
  • Жоғарғы мектепте инклюзивті білім беруді енгізу мен ынталандырудың тиімді шарттары;
  • Жоғары білім жүйесінде инклюзивті білім берудің проблемалары мен болашағы.

Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға:

  • Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындарының инклюзивті білім беруді дамытуға жауапты өкілдері, координаторлары;
  • Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері;
  • Университеттің профессорлық оқытушылар;
  • ШҚМУ-нің инклюзивті білім беруді дамытуға жауапты қызметкерлері мен бөлімше басшылары;
  • Қоғам, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, барлық қызығушылық білдірген тұлғалар шақырылады.

Өтетін орны: «Назарбаевтану» ҒББО, ШҚМУ әкімшілік ғимараты, Қазақстан, 55 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Семинардың басталуы: 15.00. Тіркеу: 14.30.

Семинарға қатысуға өтініш пен баяндама тақырыптарын семинардың шешімі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар (Қосымша 1) 2018 жылдың 21 мамыры, сағат 17.00-ге дейін CPK@vkgu.kz электронды адресіне жіберу керек. 8 (7232) 252284 (ЦПК ВКГУ), 8 708 7373807 (Айнур Мамчур), 8 777 2737361 (Жанар Утегеновна Смаилова).

Аймақтық ғылыми-әдістемелік семинарды ұйымдастыру комитеті

Қосымша

«Жоғарғы мектептегі инклюзивті білім беру: жағдайы мен даму болашағы»

Аймақтық ғылыми-әдістемелік семинарға

ӨТІНІШ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

24 мамыр 2018 жыл

ТАӘ (толығымен)

 

Жұмыс орны

 

Мамандығы  

 

Негізгі білімі

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Оқытатын пәндер, қандай мамандықта

 

Баяндама тақырыбы

 

 

 

Семинардың шешімі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар

 

  1. ..
  2. ..

Телефон

 

Электронды адрес

 

Өтініш берілген уақыт

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo