Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ақпараттық хат

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Біліктілікті бекіту орталығы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Латыннегізді қазақ әліпбиін меңгертуде қазақ тілінің негізгі емле-ережелерін оқытудың теориялық және практикалық негіздері»  атты біліктілікті арттыру курсына (16 сағат) шақырады.

Бағдарламаның мақсаты: латыннегізді жаңа қазақ әліпбиі негізінде  қазақ тілінің емле-ережелерін теориялық және практикалық тұрғыдан оқытып меңгерту.  

Бағдарламаның міндеттері:

  1. жаңа қазақ әліпбиіндегі негізгі тірек ұғымдар мен әріптердің емлесін меңгеру;
  2. бөлек және бірге, дефиспен, бас әріппен жазылатын, шеттілдік сөздердің жаңа әліпбидегі емлесін сауатты қолданудың  маңызын зерделеу.

Тыңдаушылар курстың соңында:

  1. жаңа қазақ әліпбиінің емле-ережесін біледі және оны сауатты қолдану жолдарын үйренеді;
  2. бөлек және бірге, дефиспен, бас әріппен жазылатын және шеттілдік сөздердің  мазмұнын түсіне отырып, сауатты жазуды меңгереді.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар бойынша хабарласа аласыз: 8 (72-32) 25-22-84. 8-708-756-90-71, 8-708-737-38-07.

e-mail: CPK@vkgu.kz

Біліктілікті бекіту орталығы

Қазақ
× You found a Typo