Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті проблемалары» атты курсанттардың халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.

Келесідей секциялардың жұмысы жоспарлануда:

  1. Мемлекет және құқық: тарихи-құқықтық және теориялық аспектілер
  2. Қылмыстылыққа қарсы әрекет етудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері. Қылмыстық-атқару құқығын жетілдіру
  3. Қылмыстарды ескерту, тергеу мен ашуды жетілдірудің теориялық және қолданбалы аспектілері
  4. Әкімшілік заңнаманың проблемалары
  5. Цивилистика және сабақтас құқықтардың  проблемалары
  6. ІІО қызметкерлерінің қызметін психологиялық-педагогикалық және ақпараттық қамтамасыз ету. Заңгердің тілдік дайындығы
  7. Қазіргі кезде мемлекеттің саяси жаңғыруы және әлеуметтік-экономикалық дамуы
  8. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің проблемалары, арнайы кәсіби және дене шынықтыру дайындығын жетілдіру.

Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс, ағылшын. Мақалалар жинағы конференция жұмысының алдында басылып шығарылады.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2019 жылдың 1 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне:

  • қатысуға өтінім (үлгісі қоса тіркеледі). ЖОО-дан әр секция бойынша үш баяндамашыдан көп емес жіберілуі тиіс;
  • электронды және қағаз тасымалдағыштарда баяндамалардың тезистерін (талаптар қоса тіркеледі);
  • баяндамаларды талқылау және оларды басып шығаруға ұсыну туралы кафедра (бөлім) отырысының хаттамасынан үзінді ұсыну қажет.

 

Мекенжаймыз: 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көш., 124, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі (305-каб.).

Байланыс телефоны: 8(7212) 30-34-12, 8-701-924-23-14, Әубәкірова Айнагүл Жеңісбекқызы, е-mail: oniirir@kzi.kz       

Конференцияға қатысушылардың жол жүруімен, жүріп-тұруымен, тамақтануымен байланысты шығыстар – іссапарға жіберетін тарап есебінен.

Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған және талаптарды бұзумен ресімделген мақалалар қарастырылмайтын болады.

Тезисті ресімдеу үлгісі:

Қ. Бауыржанұлы, 1-курс

Ғылыми жетекшісі — Р.Б. Аманов, азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі 

(Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті)

БЕЙБӘСЕКЕЛЕСТІК ТУРАЛЫ ТАЛАП

           Қазақтан Республикасы Еуразия экономикалық одағының мүшесі (ЕЭО)....

Мақалаға қойылатын талаптар:

  1. мәтін Word редакторында, қарпі № 14 өлшемдегі Times New Roman;
  2. жоларалық алшақтығы – бір жарым (1,5);
  3. абзацтық шегініс – 1,25;
  4. жиектері: сол жақ жиегі – 3 см, оң жақ жиегі – 1 см, жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см;
  5. сілтемелер автоматты түрде мәтіннің соңында;
  6. беттер саны –  3-ке дейін (А4 форматында);
  7. хатты электрондық поштамен жібергенде «Тақырып» қатарында «Конференцияға. 26.04.2019» деп жазу керек. Файылдың атауы – автордың (авторлардың) тегі.

 

 

Өтінімнің үлгісі:

Секция

(№, атауы)

Автор

(Т.А.Ә., курс, ЖОО)

Ғылыми жетекшісі

(аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми, арнаулы, атағы, лауазымы)

Баяндама атауы

Байланыс

(e-mail, тел.)

1.

1. Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық даму тәжірибесі мен теориясының өзекті мәселелері

Қасым Бауыржанұлы, 1-курс студенті,

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Рустем Бахытбекұлы Аманов, азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Бейбәсекелестік туралы талап

aмаnov@mail.ru

87021234567

Ұйымдастыру комитеті

 

Қазақ
× You found a Typo