Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2019 жылы 26 қарашада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Аманжолов оқулары-2019» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында «Инклюзивті білім беру педагогының кәсіби санасының өзгеруі» атты ғылыми-әдістемелік семинар-коучинг өтеді.

Семинардың тақырыптық бағыттары:

  • - Инклюзивті білім беру ортасындағы ЕБАҚ бар баланы сүйемелдеудің мультипәнаралық тобы;
  • - Инклюзивті білім беру мекемесінде оқу үдерісін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • Ассессмент, инклюзивті білім беру мекемесі жағдайында (білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып) ЕБАҚ бар балалардың жетістіктерін бақылау және бағалау;
  • Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБАҚ бар білім алушыларды тьюторлық сүйемелдеу: тәжірибе, мәселелер және даму болашағы.

Семинарға қатысуға шақырылады:

педагогтер, психологтар, дефектологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, тьюторлар, әдіскерлер, инклюзивті білім беру мекемелерінің басшылары және олардың орынбасарлары; инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың өкілдері, түзету және арнайы мекемелердің тәжірибе-мамандары және басқа да мүдделі тұлғалар.

Семинар жұмысының келесі форматы болжанады:

Семинар-коучингтің бірінші бөлімінде: спикерлердің мәлімдеген тақырыптар бойынша сөйлеген сөздері. Екінші бөлім баланы алып жүру үшін кейсті шешуді болжайды: мультидисциплинарлық команда бала мен отбасы кейсінің жобасын әзірлейді, талқылау үшін әдістемелік сүйемелдеу моделін, ассессмент моделін, бақылау мен бағалауды, тьюторлық тәжірибе моделін ұсынады. Семинар нәтижелері педагогтарға, мамандарға, мектеп директорларына, білім беру бөлімі мен Білім Басқармасына ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Өткізу орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты (Қазақстан көшесі, 55).

Өткізу уақыты: 15.00.-18.00. Тіркеудің басталуы: 14.30.

«Аманжолов оқулары-2019» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастыру комитеті конференция жинағын басып шығаруды жоспарлап отыр (электронды, баспа). Электронды жинақта қатысушылардың тезистері тегін жарияланады. Мақалаларды жинақтың баспа нұсқасына ақылы негізде беруге болады. Тезистер мен мақалаларды беру туралы ақпаратты конференцияның ақпараттық хатынан қараңыз.

Семинарға қатысу үшін өтінішті 2019 жылдың 18 қарашасына дейін 87772737361 (WhatsApp) телефоны бойынша, e-mail: ganara008@mail.ru. арқылы жіберу керек. Семинардың үйлестірушісі - Смаилова Жанар Өтегенқызы.

 

Қазақ
× You found a Typo