28 ақпанда сағат 16.00-де №1 оқу ғимаратындағы 218 дәрісханада «Қазпошта» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ШҚФ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдерінің қатысуымен «Ақпараттық жүйелер» мамандығының соңғы курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтеді.
Студенттерде осы мекемелерге іріктеу және жұмысқа орналастыру рәсімін білу және жұмыс берушілермен сұхбаттасып, жұмыс таңдау мүмкіндігі болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы