Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алаш» автономиясы» – қазіргі Қазақстанның негізі» онлайн-дәрісі (16 ақпан)

А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада 16 ақпан сағ. 15.00-де өтетін Сұлтан Хан Аққұлының онлайн-дәрісі осылай аталады. Кітапханада «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған іс-шаралар циклі жалғасын табуда. Мерейтойға бағытталған іс-шаралар аясында тарихшы ғалымдар, мамандардың қатысуымен онлайн-дәрістер жүргізіледі.  

«Жалпы, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысқа ғылыми және тарихи тұрғыдан баға беріліп жатыр. Біз бүгінгі Қазақстанның негізі «Алашорда» автономиясынан бастау алатынын  ескере бермейміз»,– дейді Алаш қозғалысы мен автономиясы тарихын зерттеуші, Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD докторы Сұлтан Хан Аққұлы.

Көптеген мақала мен монографияның авторы кездесу барысында аталған тақырыпқа барынша кеңінен тоқталып, жаңа құжаттар негізінде Алаш қозғалысының тың қырларын ашып, Алаш қайраткерлерінің іс-әрекетіне түсініктеме береді.

Кездесу соңында қатысушылар ғалымға өздерін қызықтыратын сауалдарын қоя алады.

Кездесуге барша тарихшыларды, ұстаздарды, мұражай және кітапхана қызметкерлерін, жастар мен студенттерді  шақырамыз.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo