Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алаш» қозғалысына – 100 жыл

«Алаш» қозғалысы – ХХ ғасырдың басында Семей қаласында оянған дәуіріміздің ұлы оқиғасы. Сонау 1920 жылдардағы күйреуге қарамастан, «Алаш» идеясы ұлттық мемлекетіміздің іргелі негіздерін қалады және жаңа тарихи жолы – Тәуелсіз Қазақстан жылдары қайта жаңғырды.

«Алаш қозғалысына – 100 жыл» атты деректі кітап экспозициясының ашылуы 20 қаңтар сағ. 15.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді. Көрмеге мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, өлке тарихын зерттеушілер шақырылады.    

Өткен тарихтың шынайы куәгерлері – құнды архив құжаттары «Алаш» қозғалысының азаттық жолындағы азапты да тар жол тайғақ кешуін баяндайды. Көрмеге сот істері, тергеу, құпия хабар, қамауға алу ордерлері, үкім шығару материалдарының фотокөшірмелері қойылған. Оны белгісіз фотограф бейнелеген «Алаш» көшбасшыларының фотосуреттері жалғастырады. Сонымен бірге, ғалымдардың ғылыми монографиялары мен мақалалары тың тарихи мәліметтермен, «Алаш» қайраткерлері өмірінің ашылмаған кезеңдерімен таныстырады. Тарихшылардың 1917-1938 жж. оқиғаларына кеңінен түсініктеме беріп, қамтыған зерттеулері қазақ халқының 19 ғ.- 20 ғ. басындағы өмірін терең бейнелейді. 

Көрмеден алаш көшбасшылары Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Райымжан Мәрсеков т.б. еңбектері орын алған. Оларды Алаш қайраткерлерінің ерекше маңызды жазбалары мен сұхбаттары, деректі кинохроникалар, өмірбаяндық телеэсселердің бейнежазбалары толықтырады. Бұл құжаттар қиын-қыстау жылдарды баяндап, қазақ зиялыларының үміт пен арманға толы идеяларын, қазақ халқының болашағы жолында басын бәйгеге тіккен азаматтар тағдырын ашып көрсетеді.

«А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ

www.pushkinlibrary.kz

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында, ағымдағы жылы «Алаш» партиясының 100 жылдығы қарсаңында, «Алаш азаматтары» атты әдеби - поэтикалық театрландырылған сахналық композиция 12 қаңтар күні сағ. 17.00 - де өтетінін хабарлаймыз.

Композицияның режиссері - Асыл Қозықанов.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo