Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Алғыс айту – игі іс (1 наурыз)

1 наурыз күні сағат 10.00 де облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада сағат 10.00 де алғыс айту күніне орай «Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!» атты мерекелік іс-шара өтеді. 

2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы  Алғыс айту күнін атап өтеді.

Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Алғыс айту күні - қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін және Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл - ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділік пен қамқорлықтың, рухани қайсарлықтың төл мерекесі болуға тиіс!

Мерекелік іс-шарада  мереке туралы ақпарат берілік, тақырыптық кітап көрмесі ұсынылады, достыққа, татулыққа арналған мақал-мәтелдерден, сөзжұмбақтан жарыстар ұйымдастырылып, әндер шырқалады. Мерекенің жалғасы ретінде кітапхананың әр бөлімінде: медиа-сабақтар, «Рахмет үшін!» акциясы, «Рахмет айтамын!» сурет байқауы, «Алғыс айту шебері» ойыны сынды бағдарламалар ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шара сіздер үшін өте қызықты болады деп ойлаймыз.

Біздің, кітапханамызға келушілерге, өз білімімен әрқашан бөлісуге дайын, кітапты сүйіп оқитын оқырмандарымызға алғысымыз шексіз! Сіздерді көруге әрқашан қуаныштымыз! Келіңіздер!

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

 

Қазақ
× You found a Typo