«Алтай жастары» ток-шоуының үшініші шығарылымы бүгін «Алтай» арнасынан сағат 18.50-де көре аласыздар. Ток-шоу – облыстық «Алтай» арнасының, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының, «Altai jastary» медиаорталығының бірлескен жобасы.
Ток-шоудың тақырыбы - «Қазір кітап оқымайтын ұрпақ өсіп келе жатыр ма?». Бағдарламаны журналист-студенттер Советханов Нұрболат пен Қанатқызы Ләззат жүргізді.
Ток-шоудың толық нұсқасын «Алтай» арнасынан, сондай-ақ ШҚМУ сайтының әлеуметтік желілердегі сілтемелері арқылы көруге болады.
«Altai jastary» медиаорталығы