7 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу жоспарлануда.
Конференцияның мақсаты: халықаралық ғылыми қауымдастықты Шығыс Қазақстан облысының археологиялық әлеуетімен таныстыру.
Конференция жұмысы келесі бағыттар (секциялар) бойынша жүргізіледі: Алтай – ғаламның қасиетті орны: археология, биоалуантүрлілік және экология мәселелері; Түркі әлемі мәдениеттер диалогы контексінде: философия, филология, мәдениеттану.
Өтетін орны жəне уақыты: ОМҮ, 11-00, секциялық отырыс - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың əкімшілік ғимараты, 4 қабат, "Рухани Жаңғыру", 15.30.
Ұйымдастыру комитеті