Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған «Алтын Орда - қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастауы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция - 29 қазан

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығы, М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейімен бірлесіп 2020 жылдың 29 қазанында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына байланысты  «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастауы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (online) өткізеді.           

Конференция мақсаты – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алтын Орда мен қазақ мемлекеттілігі тарихын, заманауи кезеңдегі педагогикалық білім беру, жаратылыстану және техникалық ғылымдар мен инновациялардың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін, құқықтану және экономиканың дамуының өзекті сұрақтарын талқылау.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Тарих үдерісіндегі Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігі мәселелері.

2. «Рухани жаңғырудың» тарихи-мәдени негіздері.

3. Алтын Орда мұрасының музей топтамаларындағы көрінісі.

4. Педагогика, құқықтану және экономиканың өзекті мәселелері.

5. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер: гипотезалар, идеялар, нәтижелер.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Материалдарды рәсімдеу тәртібі

Баяндама мәтіні (3-5 бет) 6.0 (7.0) мәтіндік  WORD редакторында “Tіmes New Roman” шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20 мм,  азат жол - 1.25 см.) жазылуы тиіс.

Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ (Әмбебап ондық жүйе) индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні, келесі жолға мекеме, қала  аты, автордың е-maіl адресі жазылады. Бір жолдан кейін негізгі мәтін басталады.

Конференцияға ұсынылатын баяндамада ғылыми зерттеулердің өзектілігі мен  нәтижелері, практикалық маңызы ашылуы тиіс.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек. Ұйымдастыру жарнасының түбіртегі сканерден өткізілген (jpeg) немесе (pdf) форматындағы нұсқасы электронды пошта арқылы ұсынылады.

Аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу жіберілуі тиіс:

Аты-жөні, тегі:___________________________________________

Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы: _______________________

Жұмыс орны: ____________________________________________

Мекенжайы: _____________________________________________

Телефоны,  E-maіl:________________________________________

Баяндама тақырыбы, секциясы: ______________________________

Автордың конференцияға қатысу мүмкіндігі: _____________________

Баяндамалар мен тіркелуді қабылдау: 2020 жылдың 23 қазанына дейін.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияның басталуына дейін басып

шығаруды жоспарлайды. Баспа шығыны/жарна - 4000 теңге.

Ұйымдастыру жарнасын төмендегі есеп-шотқа аударуларыңызды өтінеміз: 

     «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ

БИН – 990 140 003 041

     ИИК – KZ566010311000005234

     КБЕ 16

     БИК - HSBKKZKX

     АҚ «Қазақстан Халық банкі»,  Талдықорған қ-сы.

КНП -861

«Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастауы» деп көрсетілген түбіртек баяндама мәтінімен қоса жіберілуі керек.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187 А, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ғылым  бөлімі, 309 каб.

Телефон: (8-7282) 22-16-67-1193,  е-maіl: zhgu_nauka@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті 

 

Қазақ
× You found a Typo