Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алтын тобылғы»: Байқау жарияланады!

«Алтын тобылғы»: Байқау жарияланады!

         Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жариялаған «Алтын тобылғы» байқауына қатысуға шақырады.  

Байқау мақсаты - Қазақстан әдебиетіндегі жаңа есімдерді танымал ету, жастар мен қауымдастықтың жас авторлардың өмірлік көзқарасын бейнелейтін қазіргі заманғы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. 

         Байқауға қатысушылардың жас шамасы 18 бен 35 жас аралығында болуы тиіс.

         Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5)«Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік әдеби туынды.

Әрбір аталым жеңімпазына  әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығының лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тақырыптық аталым жеңімпазына беріледі.  

Байқауға қызығушылық танытқан жастардың Қазақстан к.,55 (ШҚМУ әкімшілік ғимараты), №303 каб. келуін сұраймыз. Байланыс тел.: 8/7232/241-401; +7-777-741-01-04; +7-702-910-30-05.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo