Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Алтын Тобылғы» әдебиет байқауы

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдердің жақын арада қабылдайтынын жариялады. Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.

Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында қабылданады. Жеңімпаздар есімі (сыйлық лауреаттары) 2018 ж. желтоқсан айында жарияланады. Толық ақпаратпен www.fpp.kz сайтынан танысуға болады.

Байқау серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
«Алтын Тобылғы» байқауы еліміздің барлық өңірлерінен 17 жаңа жас жазушылардың атын шығарды, олар өз шығармалары үшін ақшалай сыйлыққа болды және шығармаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Үздік деп танылғандар ішінде: Өскеменнен Арай Ертарғынова, Алматыдан Кретова Татьяна, Алматы облысынан Мақпал Мыса, Астанадан Әлмаш Айсулу, Талдықорғаннан Есболат Айдабосын, Семейден Қарт Мерей, Шахтинскіден Алексей Варзаевтар бар.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларының есімдерін білмейтін болады.

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo