Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Анатолий Лаптевтің «Седьмой континент» кітабының тұсаукесері

3 ақпан 2017 жылы сағ. 16.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапханада көрнекті қазақстандық кинодокументалист Анатолий Лаптевпен шығармашылық кездесу өтеді. Аталған кеш автордың «Седьмой континент» кітабының жарыққа шығуы мен 75 жылдық мерейтойына арналады.

Өскемен қаласының Құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Анатолий Павлович Лаптев 32 деректі фильм мен көптеген сюжет, репортаж, очерктің авторы. Оның жарты ғасырдан астам түсірген әрбір туындысы өлкеміздің ғажайып табиғаты мен адамдарын айырықша сипаттайды.   

Мәскеудің беделді кинематографиялық жоғары оқу орнын аяқтаған, сценарист, кинорежиссер, оператор, журналист, ақын, қоғам қайраткері А. Лаптев өзінің бүкіл шығармашылық жолын толығымен Шығыс Қазақстанға арнаған. Оның фильмдері халықаралық сайыстар мен фестивальдардың ондаған диплом, сыйлықтарымен бағаланған.     

Марқакөл көлі туралы түсірген «Озеро студеное, ласковое», «Старик и озеро» және «Постижение» деректі кинотрилогиясы үшін Анатолий Лаптев Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағын алған. Бұл фильмдерді КСРО-ның Халық әртісі Иннокентий Смоктуновский дыбыстаған. Өткен жүзжылдықтың жетпісінші жылдары-ақ, автор алдағы экологиялық апаттан сақтандырған еді. 

Оның ХХІ ғасырдағы жұмыстары: «Седьмой континент», «И звезды, и память кочевья», «Зажжённый Богом свет», «Человек-олень» (ҚР Журналистер одағы сыйлығы) – Шығыс Қазақстан табиғат, мәдениет және адамдармен байланысты шығармашылығының жаңа философиялық көрінісі.

«Беловодье ЛТД» ақпараттық-жарнамалық агенттігінің негізін қалаған Анатолий Лаптев қажырлы еңбек етуін жалғастырады. Оның жуықтағы жоспарында - Өскемен қаласының тарихы және оның түрленуі жайлы сыр шертетін поэтикалық әңгіме бейнероликтерін түсіру.

2017 жылдың қаңтар айында Анатолий Лаптевтің  «Седьмой континент» кітабы жарық көрді. Мұнда оның шығармашылық жолы туралы әр жылдары БАҚ беттерінде жарық көрген материалдар, сондай-ақ бірнеше мақалалар, әдеби эссе, өзі жазған әрі фильмдерінде ойнаған өлеңдер мен әндер жинақталған. Автордың «Қазақфильм» тапсырысымен жазылған «Последнее затмение» киносценарийі кітапқа өзіндік рең береді. Бұл еңбек – ауқымды да сан қырлы жұмыстың жемісі.  

Баршаңызды шығармашылық кездесуге шақырамыз!

«А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ

Қазақ
× You found a Typo