2018 жылдың 15 қарашасында сағат 15.00 әкімшілік корпустың "Рухани жаңғыру" конференция-залында "Тарих", "Цифрлық гуманитаристика" мамандықтарының студенттеріне және магистранттарына, сондай-ақ туған өлкесінің тарихы мен археологиясына қызығушылық танытушылардың барлығына арналған белгілі қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашұлы Самашевтың "Шығыс Қазақстан археологиясы" атты ашық дәрісі, РҒА материалдық мәдениет тарихы Мемлекеттік институтының (Санкт-Петербург қ., РФ) жетекші реставраторы Николай Сергеевич Кургановтың шеберлік сыныбы және "Алтайтану" ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Елдос Максатұлы Кариевтың баяндамасы өтеді.
Қазақстан тарихы кафедрасы