- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Конституция күніне арналған "Қазақстан Республикасының Конституциясы - азаматтардың құқығы мен еркіндігі" дөңгелек үстелі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 28-ші тамыз күні өтеді.
Дөңгелек үстел жұмысына ШҚО-ның құқық қорғау және сот органдарының, адвокаттар коллегиясы өкілдері мен экономика және құқық факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысады деп жоспарлануда.
Өткізу орны мен уақыты: "Руxани Жаңғыру" ҒИО, әкімшілік ғимарат, Қазақстан көшесі,55, сағат 11:00, тіркеу сағат 10:30-да.
Экономика және құқық факультеті