Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

АҢДАТПА

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Сіздерді ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауының мерейтойы аясында өткізілетін «4.0 жаңғыруы аясында жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» атты республикалық онлайн конференциясына шақырады.

Конференция қашықтықтан ұйымдастырылады

(өткізілу формасы мәліметтер жинағында көрсетілмеген)

Баспаға ISBN, ISSN, УДК, ББК атаулары беріледі

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру Қазіргі заманғы Қазақстанның ұлттық идеясы ретінде.
  • Зайырлы және діни білім берудің маңызды мәселелері: жолы мен даму перспективасы.
  • Этнопедагогика: рухани-адамгершілік тәрбие берудің құндылықтары мен дәстүрлері.
  • Қазіргі заманғы білім берудің рухани-адамгершілік негізі: шет елдік және отандық тәжірибе.
  • Рухани-адамгершілік біліммен тәрбие берудің жаңашылдығы мен қазіргі заманғы технологиялары.
  • Мектеп пен қосымша білім бер ұйымдарының оқу-тәрбие беру қызметі жүйесіндегі өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуының әдістемесі.
  • Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік потенциалы.
  • Жастардың рухани-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс құралдарының маңызы.
  • Гендерлік қарым-қатынас жүйесі рухани мәдениеттің элементі ретінде.
  • Қазақ тілі және рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері.
  • Жастар мен балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру жүйесіндегі білім берудің маңызы мен орны.
  • Кітапханалар, мұражайлар, театрлар, филармониялар, шығармашылық бірлестіктер, клубтар жастар мен балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру орталықтары ретінде.

Мақалаларды қабылдау

28.03.2018-28.04.2018 дейін

Конференция материалдарын жинақтау 15.05.2018.

Мақаланы жариялау тегін

 Конференция материалдары келесі мекен-жайлар бойынша жіберіледі: nazym_amanzholkyzy@mail.ru, анықтама телефоны: 8778904118, 8 (7232) 540-708.

ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауының мерейтойы аясында өткізілетін «4.0 жаңғыруы аясында жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру» атты республикалық онлайн конференциясы қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылады.

Мақалаға қойылатын талаптар:

Кегль (шрифт өлшемі) – 14, гарнитура – Times New Roman; қашықтық – 1; беттің сол жағынан 3 см, жоғарғы, төмен, оң жақ шетінен 2 см. Мақала көлемі 3 беттен аспауы керек. Кесте мен суреттердің атауы болуы керек. Сурет атауы мен нөмірі суреттің аяққы жағында, кестенің атауы мен нөмірі кесте астында жазылады. Кестелер, сызбалар, суреттер формулалар көрсетілген аймақтан шықпауы керек. (кесте мен суреттердегі шрифт размері –11 пт аспауы керек). Қолданылған әдебиеттер тізімі міндетті түрде көрсетілуі керек. Қолданылған әдебиеттер тізімі мақала соңында, сілтемелер қажеттілік бойынша мақала ішінде көрсетіледі. Сілтемелер тек тік бұрышты жақша ішінде қолданылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген әдебиет пен бет нөміріне сәйкес көрсетілуі керек (мысалы: [2, 32 бет]).

Мақала басында ӘӨЖ, автор мен мақала жайлы ақпарат көрсетілуі керек .

Аты-жөні, тегі, жұмыс орны, лауазымы мен қаласы көрсетілуі тиіс (мақаланы рәсімдеу ережесіне сәйкес төменде көрсетілген).

Мақала авторы туралы ақпаратты толтыру ережесі:

ӘӨЖ

Оң жақ жоғарғы бұрышта (ақпарат атау септігі

бойынша көрсетіледі)

Аты-жөні, тегі (Аты мен тегі толық

жазылуы керек),

Лауазымы, жұмыс атқаратын

мекемесі, мемлекет, қала

…, ортасында, бір жолдан кейін— мақала атауы

Өтінім үлгісі

1. Аты-жөні, тегі (толық) автордың (лардың)____

2. Мақала атауы ______

3. Білім беру мекемесінің атауы _______

4. Автордың (лардың) аты - жөні, тегі (толық), ғылыми дәрежесі ______

5. Лауазымы ____________

6. Пошта адресі, индексі ____________

7. Қызметтік телефон нөмері қала кодымен бірге____________

8.Үйдің телефон нөмері қала кодымен бірге____________

9. Ұялы телефон нөмірі_________

10. E-mail____________

Қазақ
× You found a Typo