Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«АТАМЕКЕН» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы патриоттық өнер байқауының ережесі

«АТАМЕКЕН»

Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы

 патриоттық өнер байқауының ережесі

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы өнер орталығы  Республикалық «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер арасындағы патриоттық   өнер   байқауын   ұйымдастырады.  Байқау  2018   жылдың 19-20-шы  қазан күндері  Алматы қаласы №6-шы Оқушылар үйінің Концерт залында өтеді

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

- балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тақырыптағы ән мен биге, жыр мен шығармаға баулу;

- Республика ұғымын терең түсіндіре отырып, Отанға, ел мен жерге деген патриоттық сезім ұялату;

- ақын-жазушылардың, композиторлардың  Республика, Отан, туған жер, тәуелсіздік  сынды  патриоттық  тақырыпта  жазылған туындыларын қайта жандандыру.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:

*«Эстрадалық вокал»;

*«Вокалды топ»;

*«Көркем сөз»;

*«Ақындық өнер»;

*«Аспапта ойнау»;

*«Дәстүрлі ән»;

*«Хореография»;

*«Бейнелеу өнері»;

*«Қолөнер».

«Эстрадалық вокал» жанры бойынша байқауға қатысушы жалпы екі ән жанды дауыста орындайды. Бірінші - патриоттық тақырыпта, екінші - еркін тақырыпта акапелді түрде орындайды. Бірінші әннің әуені өңдеу жасалып, (аранжировка) арнайы жанды дауыста сүйемелденуге лайықты сапада болуы қажет. Орындаушыға берілетін уақыт 3-3,5 минуттан аспағаны жөн. Ән мини дискте немесе флешкардта  жазылуы тиіс.

«Вокалды топ» (дуэт, трио, квартет т.сс хор) жанры бойынша қатысушы топ жалпы екі ән жанды дауыста орындайды. Бірінші - патриоттық тақырыпта, екінші - еркін тақырыпта акапелді түрде орындайды. Бірінші әннің әуені өңдеу жасалып, (аранжировка) арнайы жанды дауыста сүйемелденуге лайықты сапада болуы қажет. Орындаушыға берілетін уақыт 3-3,5 минуттан аспағаны жөн. Ән мини дискте жазылуы тиіс

«Көркем сөз» жанры бойынша байқауға қатысушы жалпы екі өлеңді мәнерлеп жатқа  оқиды. Бірінші - патриоттық тақырыпта, екінші - еркін тақырыпта. Өлеңді кез келген автордың шығармашылығынан таңдауға болады. Орындаушыға берілетін уақыт 2,5 – 3 минут. Өлең оқылғанда музыкамен сүйемелдеу  (фоновый әуен) міндеттелмейді.

«Ақындық өнер» жанры бойынша қатысушы өзі шығарған екі өлеңін мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Бірінші – патриоттық тақырыпта, екінші еркін тақырыпта шығарылған өлең болуы міндетті. Орындаушыға берілетін уақыт 2,5 – 3 минут. Өлең оқылғанда музыкамен сүйемелдеу  (фоновый әуен) міндеттелмейді.

«Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген  екі туындыны белгілі бір аспапта ойнауы қажет (домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка т.б) Орындаушыға берілетін уақыт 2,5 – 3 минут.

«Дәстүрлі ән» жанры бойынша байқауға қатысушы еркін тақырыпта екі ән домбыраның сүйемелдеуімен орындауы шарт. Орындаушыға берілетін уақыт 2,5 – 3 минут.

«Хореография» жанры бойынша  байқауға қатысушылар  екі би билейді. Бірінші – қазақ биі болуы тиіс. Екінші би еркін тақырыпта.

«Бейнелеу өнері» жанры бойынша байқауға қатысушы патриоттық тақырыпта  және еркін тақырыпта өз қолымен салған екі немесе одан көп суретін алып келуі тиіс. Салған суреті жайлы өзі айтып, қорғайды. Суреттің форматына шектеу жоқ.

«Қолөнер» жанры бойынша қатысушы өзі жасаған екі немесе одан көп бұйымын, жұмысын алып келуі тиіс. Әкелген туындысын қалай жасағаны жайлы түсініктеме беріп, қорғайды. Қолөнер жұмысын кез келген материалдан (бисер,қағаз,мата,федр,ағаш т.б) жасап келуге болады.

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:

5- 7 жас аралығы – бүлдіршін топ

8 - 10  жас аралығы – кіші топ

11 - 13 жас аралығы – орта топ

14 - 16 жас аралығы – жасөспірім топ

17 - 20  жас аралығы – жоғарғы топ

ҚАТЫСУШЫНЫҢ БАҒАЛАНУЫ:

- байқауға қатысушылардың өнерін тамашалап, оларға тең төрелік ететін әділқазылар алқасының  мүшелерінің қатарында - өнер қайраткерлері, композитор, ақын-жазушы, әнші, белгілі педагогтар болады;

- қазылар алқасы өнерпаздардың вокалдық ерекшеліктерін, музыканың кәсіби деңгейде өңделуін, дауыс ырғағының кеңдігін, өлең оқудағы мәнерін, сахналық киім үлгісін,

би билеудегі синхронды қозғалысты және көркем суретшінің шебер өнерін қатаң бақылауда ұстайды.

- қазылар  алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;

- жинаған сан ұпайы бойынша қатысушылардың арасынан байқаудың жүлдегерлері анықталады;

ҚОРЫТЫНДЫ МАРАПАТТАУЫ:

Бас жүлде – сыйлық және диплом;

І орын - сыйлық және лауреат дипломы;

ІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы

ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

Қатысушыларды дайындаған педагогтарға алғыс хаттар беріледі.

БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

Байқау 2018 жылдың  19-20 қазан  күндері өтеді.

19 қазан – сағат  8.00-9.30-ға дейін келушілерді тіркеу. Сағат 9.30-да байқаудың салтанатты ашылуы және ары қарай жанрлар бойынша  байқау жалғасады. (өзгерістер енгізілген қосымша бағдарлама 19 қазан  күні электронды почта арқылы таратылады.)

20 қазан – сағат 15.00-де байқаудың марапаттау салтанаты.

ӨТЕТІН ОРЫНЫ:

Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі 13 үй/1 (Шолохов көшесінің қиылысы)

№6-шы Оқушылар үйінің концерт залы

Байланыс телефондары: +7 701 755 59 35, +7 702 173 82 56, 8707 818 75 14.

e-mail: smmereke@mail.ru

Ескерту!

Қатысушының өтініш-сауалнамасы 2018 жылдың 18-ші қазанына дейін ғана қабылданады. Өтініш үлгі бойынша толтырылып smmereke@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.

Келіп – кету шығыны мен жатар орын шығындарын қатысушы жақ өздері көтереді.

Байқауға қатысушылар міндетті түрде қатысу жүлде жарнасын төлейді:

Жеке қатысушы – 13 000 тг.

Құрам саны 6 адамға дейінгі топтарға – 25 000 тг.

Құрам саны 6 адамнан көп болған жағдайда топтарға – 30 000 тг.

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы «Атамекен» атты өнер байқауына

ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты –жөні: (топтың  аты)

 

Толық жасы:

 

Облыс, қала, аудан, ауылы:

 

Мектеп:

 

Жанры:

 

Орындайтын

шығармалары:

 

Шығарманың авторлары

(сөзі, әні)

 

Қатысушының жетекшісі:

 

 

Жетекшінің

тел.номерлері:

 

Өтініште көрсетілген қатысушы мен жетекшілердің аты-жөні толығымен және қатесіз, сауатты  жазылуы қажет. Жетекшілерге берілетін алғыс хат пен қатысушының дипломы дәл осы өтініш бойынша жазылатынын ескертеміз!

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo