Сіздерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен қалалық білім бөлімінің бірлесуімен өткізілгелі отырған қазақ ғылымы мен оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз, ф.ғ.д., академик Мәулен Балақаевтың құрметіне «Балақаев оқулары V: Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияжұмысына қатысуға шақырамыз.
Республикалық конференция Түркістан қаласы, №21 жалпы орта мектебінде 2018 жылы 14 сәуір күні өтеді.
Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар жоғары оқу орындарыныңоқытушы-профессорлары, ғалымдаржәне мектеп мұғалімдері шақырылады.
Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша өткізіледі:
Баяндама мәтіндері 2018 жылдың наурыз айының 31-не дейін қабылданады.
Материалдарды ресімдеу тәртібі және қосымша ақпарат сілтемеде берілген.
Біздің instagram және facebook тіркеліңіз.
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы