Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық «Менің Қазақстаным» атты Шәмші әндерін орындаушылар байқауының Ережесі

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық «Менің Қазақстаным» атты Шәмші әндерін орындаушылар байқауының

Ережесі

Қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған ұлы композитор, ән әлемінің падишасы, Қазақстанның халық әртісі, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары туған халқымен бірге жасап келеді, келер ұрпақтың да рухани қазынасы болып қала бермек.

1.Жалпы ереже

1.1. Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаушылардың бірінші республикалық  ән-би  байқауы  2017  жылдың ақпан айының 8-10 аралығында Алматы қаласы, Қазақстан Жазушылар Одағының Үлкен Концерт залында өтеді.

1.2.Байқаудың  мақсаты

- сазгердің әндерін болашақ  ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып, дарынды жастар тәртиелеу.

- балалардың қазақ  өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру.

- оқушылардың сайып сахараны әуенімен әлдилеген ұлы сазгердің әндерін-орындау шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау, дамыту.

2.Байқаудың өткізу шарттары

2.1. Байқау бес номинация бойынша өтеді:

- эстрадалық вокал

- хореография

- сән үлгісі

- қолөнер

- бейнелеу өнері

2.2. Байқауға қатысу жас ерекшелігі:

-кіші топ—6-9 жасқа дейін;

-орта топ—10-13 жасқа дейін;

-жоғарғы топ—14-17 жасқа дейін.

3.Байқаудың  қойылатын негізігі талаптары:

Әншінің орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті мен киім үлгісі, музыканың кәсіби өңделуі (аранжировка).

«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша қатысушылар эстрада ән жанрында 2 ән орындайды. Бірінші ән міндетті түрде Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған болуы керек. Екінші ән еркін тақырып (халық әні, қазақ композиторларының әні, заманауи композиторлардың әндерін айтуға болады). Ән тірі дауыста айтылуы қажет. Дуэт, трио, квартет, 12 адамнан аспайтын вокалдық топтар қатыса алады. «Бэк» вокал рұқсат етіледі.

«Хореография» номинациясы бойынша екі би орындалады. Бірінші би Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне қойылған би болуы керек. Екінші би еркін тақырыпта.

«Сән үлгісі» номинациясы бойынша қатысушылар Ұлттық тұрғыдағы киім үлгісін көрсетеді;

 «Қазақтың қолөнері» номинациясы бойынша қатысушыларқолдан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынады;

 «Бейнелеу өнері» еркін тақырыпта сурет салу. Қарындашпен, түрлі-түсті пастель, сангина, көмір, акварель, гуашь, акрилдік бояулармен орындалған қосымша суреттер. Балалардың жеке шығармашылық туындылары:

Қатысушылардың вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі,орындаушының дауысы ырғағының кеңдігі, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығы бағаланады.

4. Байқаудың өткізілетін мерзімі және орны

4.1. Байқау 2017 жылдың 8-10 ақпанында  Алматы қаласы  Қазақстан Жазушылар Одағының Үлкен Концерт залында өтеді.

4.2. Байқаудың өтетін уақыты:

7 ақпан  сағат-09.00-17.00-ге дейін облыстан келген қатысушылардың тіркелуі

8  ақпан сағат – 09.00-дебайқаудың салтанатты ашылу рәсімі, қатысушыларлардың өнерін тамашалау

10  ақпан сағат 17.00-де Гала концерт, жеңімпаздарды марапаттау.

4.3.Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 3 ақпанға   дейін өтініш-сауалнама тапсырылсын. Өтініш- сауалнамада оқушылардың аты-жөні, туған жылы, репертуары, авторы толық,  жетекшінің  аты-жөні  толық  және  телефондары  көрсетілуі  қажет.  Көрсетілген  мерзімнен кейін  келген  тапсырыстар  қаралмайды. 

Мекен-жайымыз: Алматы  қаласы, Қазақстан Жазушылар Одағы, Абылай хан даңғылы 105.

Тел:  8 7087717266;  8 701 75 55 935; 8 701 340 74 44; 87078187514.

e-mail: smmereke@mail.ru

5. Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау.

5.1.  Қазылар алқасының құрамында өнер қайраткерлері,  композитор,  ақын,  әнші,  хореограф  белгілі педагогтар  болады;

5.2. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған ұпай саны бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың  жүлдегері  анықталады.

Байқаудың  қорытындысы бойынша марапаттау:

«Бас жүлде» - сыйлық және  лауреат  дипломы;

- I орын – сыйлық және  лауреат  дипломы;

- II орын – сыйлық және  лауреат  дипломы;

- II орын – сыйлық және  лауреат  дипломы;

- III орын – сыйлық және  лауреат  дипломы;

- III орын – сыйлық және  лауреат  дипломы;

- III орын – сыйлық және  лауреат  дипломы;

Байқауға қатысушылар республикалық,  халықаралық  мерекелік  іс-шараларға  алдын  ала кіру жүлде жарнасын төлейді.

 Жеке орындаушыларға – 15 000 теңге

 Дуэт, трио, квартет  – 20 000 теңге

 6-10 адамға дейінгі топтарға  – 30 000 теңге

 Құрам саны 10 адамнан аса- әр қатысушыға 3 000 теңге

Байқауға  жеңімпаздарды  дайындаған  педагогтар  мақтау қағазымен марапатталады.

Орындаушы:  Смайлова М.М;  продюсер:  Есіркепов Б.С;  Тел\ факс:  8 7087717266;  8 701 75 55 935; 8 701 340 74 44; 87078187514, e-mail: smmereke@mail.ru

 

«Менің Қазақстаным» атты

 Шәмші әндерін орындаушылар

байқауына

Өтініш беру үлгісі

Аты –жөні:______________________________________________

Жасы:( туған жылы, күні, айы) _________________________________________________________

Қайдан ( обл, қала...) _______________________________________

Мектеп, сыныбы: __________________________________________

Номинациясы:_____________________________________________

Репертуары: ______________________________________________

Шығарманың авторлары (сөзі, әні) _________________________________________________________

Жетекшісі:________________________________________________

Жетекшінің тел.номерлері:__________________________________

Электронды поштасы:______________________________________

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

 

Қазақ
× You found a Typo