- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің психология және коррекциялық педагогика кафедрасы, «Зияткер» ғылыми білім беру орталығы 2017 жылдың 1-ші маусымынан «Балалармен жұмыс жасауда жоғарғы тәжірибелік» атты Халықаралық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференция мен Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған шаралар циклін өткізеді.
Мақсаты – балаларға олардың осы әлемде ең сүйікті, қажетті, қайталанбайтындықтарын көрсету. Педагогика, дефектология, психология мен әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандардың мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балалармен дамытушы, коррекциялық, консультациялық, алдын алу жұмыстарында инновациялық тәжірибелерді қолдану шеберліктерімен бөлісуге шақырады.
Келесі интербелсенді шаралар жоспарлануды:
Уақыты мен жүргізілетін орны:2017 жылдың 1-ші маусымы сағат 10.00-ден 14.00 дейін, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, әкімшілік ғимараты, Казахстан көшесі, 55 үй.
Шараға қатысуға барлық қызығушылығы бар балалар, ата-аналар, білім беру қызметкерлері, психологтер, дефектологтер, педагогтер мен әлеуметтік жұмысшылар.
Халықаралық сырттай конференцияны өткізу келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:
Конференцияға қатысуға психология, психиатрия, педагогика, дефектология, әлеуметтік жұмыстардың қолданбалы саласындағы мамандары шақырылады
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның ғылыми еңбектер инағына басылымға қатысу 2017 жылдың 6-шы мамырына дейін барлық қажетті құжаттар (anb777@yandex.ru) конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберіледі:
- тапсырыс үлгі бойынша толтырылады;
- ғылыми мақаланың барлық талаптарға сәйкес электронды нұсқасы.
Барлық мақалаға міндетті түрде пікір жазылуы қажет. Пікір жазу үдерісінде пікір жазушы мақаланы бағалайды: мақаланың конференция тақырыбына сәйкестілігі, тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері мен ұсынылған инновациялық технологиялардың мәнділіг мен өзектілігі; сілтемелер дұрыстығы; ғылыми мақаланың сапасы мен зерттеу дизайны.
Жағымды пікір жазылғаннан кейін мақала реттелініп конференция жинағына басылымға тапсырылады. Ескертулер болған жағдайда авторға қайтарылып беріледі. Мақала қайтадан өңдеуден өткеннен кейін рецензент жазылып, соңынан басылымға жіберуге ұсынылады.
- Пікір алынғаннан кейін ұйымдастыру комитетіне ШҚМУ е/ш (міндетті түрде «Қолданбалы психология») төлеу түбіртегінің көшірмесі жіберілуі қажет.
Мақаланы өңдеуге қойылатын талаптар:
А4 (210-297 мм) формата суреттерін қосқанда көлемі толық 10 беттен тұратын компьютерде терілген материалдың басылымы және (CD дискіде) электронды нұсқасы немесе ақысы төленгені туралы түбіртекпен бірген ұйымдастыру комитетінің электронды мекеніне жіберу. Басылым Microsoft Word шрифт Times New Roman (KZ Times New Roman): негізгі мәтіннің шрифты 14; 1,0 қашықтықта интервал, қызыл жол – 1,25 см.
Мәтін суреттермен берілген форматта орындалуы қажет (сол жағы - 30 мм, оң жағы - 20 мм, жоғарғы және төменгі жақтары – 25 мм).
Мәтінге салынған суреттер мен иллюстрациялардың сапасы жоғары болуы қажет. Суреттерге түсініктер мен формулалар: суреттің астында ортасына жазылады, кегль – 12.
Жоғарғы сол жағына УДК көрсетіледі, бір жол төмен автордың фамилиясы мен инициалы жазба бас әріптерімен, келесі жолда жұмыс орындалған ұйымның атауы, қала жазылады. Бір жолдан кейін баяндама атауы жазба бас әріптерімен көрсетіліп, 10 жолдан кем емес мақала аннотациясы көсетіледі де бір жолдан кейін – мәтін жазылады.
Ұсынылған материалдар барлық талаптарға сай жоғарғы сапада орындалуы қажет. Мәтін мазмұнына автор жауапты.
Мақаланың электронды нұсқасы ұйымдастыру комитетінің: anb777@yandex.ru мекен жайына жіберіледі. Файлда автордың АТЖ, ұйымның аббревиатурасы мен құжаттың атауы көрсетіледі, мысалы: Қасымов ҚазГУ тапсырыс; Қасымов ҚазГУ мақала, Қасымов ҚазГУ ұйымдастыру салымы.
Ұйымдастыру комитеті материалдар жинағын конференция басталуға дейін шығаруды жоспарлауда.
Қатысушы тапсырысы «Балалармен жұмыс жасауда жоғарғы тәжірибелік» атты Халықаралық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференциясы. |
|
Автордың (серіктес авторлардың) ТАЖ. |
|
Жұмыс орны (мекеме атауының қысқартылмаған нұқсасы толығымен көрсетіледі), атқаратын міндеті, қызметі, ғылыми дәрежесі, әр серіктес автордың ғылыми атағы. |
|
Мақала атауы |
|
Секцияның реттік саны мен атауы |
|
Жинақты жіберуге қажетті пошталық мекен-жай: |
|
Байланыс телефондары (ұялы/қалалық) |
|
|
|
Мерзімі |
|
Мақалаға қойылатын талаптар
УДК 669.162.214. КЫРЫКБАЕВА А.К., ТОКСАНОВ Н.С. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, қ. Өскемен (14 pt) Аннотация: тақырыптың, объект мәселесінің, жұмыс мақсаты мен нәтижелерін сипаттайды. Аннотацияда берілген жұмыстың басқа жұмыстарға қарағанда жаңалығы мен мақсатты міндеттері жазылады. Аннотация мәтіні 10 жолдан артпауы қажет (12 pt) БОЛОН ҮДЕРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОО ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ (14 pt) Баяндама мәтіні ............................................................................................................................................................................................... (14pt)
Кесте 1 – Жүйе бойынша кредитерді есептеу........(14 pt)
Баяндама мәтіні ........................................................................................... [1]. (14 pt) Баяндама мәтіні .......................................................................................... [2]: 1) Баяндама мәтіні; 2) Баяндама мәтіні. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ (12 pt)
|
Ұйымдастыру салығы – 3000 тенге (бір мақалаға) материалдар жинағының бағасы кіреді.
Ұйымдастыру салығын аудару реквизиттері:
АО «Казкоммерцбанк» қ. Өскемен,
РНН 181800014976,
БИН 990240007414,
ИИК KZ73926100218V417000,
БИК KZKОKZКX,
РГП на ПХВ «С.Аманжолов ат. ШҚМУ»; (міндеті түрде «Қолданбалы психология» көрсетілуі қажет.).
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы
Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облсы, қ. Өскемен, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 үй. Индекс 070002, дәрісхана № 250 (психология және коррекциялық педагогика кафедрасы).
Байланыс телефондары:
8 (7232) 540-471 - психология және коррекциялық педагогика кафедрасы (ғылыми мақала бойынша мәселе);
E-mail: anb777@yandex.ru, kaf_psihologii@vkgu.kz
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы