Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Бас прокуратура «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестердің тұсау-кесерін өткізді

Бас прокуратура «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестердің тұсау-кесерін өткізді

Сізді полиция қызметкерлері ұстағанда не білу қажет? Бұрынғы жұбайыңыздан алиментті қалай өндіруге болады? Егер жұмыс беруші жалақы төлемесе Сіздің құқықтарыңыз. Осындай құқықтық сұрақтарға жауапты қадағалау органына бармай-ақ алуға болады. Бас прокуратура қазақстандықтардың мыңдаған шағымдарын зерделеп, «Прокурордың 100 ұсынысы» атты жинақ құрастырды. Осы виртуалды анықтамалық қарапайым және қол жетімді түрде күнделікті өмірде қажетті заң нормаларын түсіндіреді.
Қазақстандықтар қадағалау органына көбінесе заң нормаларына түсініктеме алу үшін өтініш жазады. Республикамыздың азаматтары өзінің құқықтарын біле бермейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру шеңберінде барлық қадағалау органдарында құқық түсіндіру жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Бас прокуратура еліміздің барлық аумақтарынан түскен шағымдарды зерделеп, ең өзекті мәселелерді қорытындылап, жүйеледі. Талдау жұмысының нәтижелері бойынша «Прокурорға 100 ұсыныс» атты жинақ құрастырылды. Бұл көлемді еңбек әрбір қазақстандыққа күрделі өмір жағдайларында туындаған кез келген сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді.
Ыңғайлы болу үшін жинақ 10 тақырыптық тарауларға бөлінген:
«Отбасыңыз үшін»;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жайлы»;
«Сіздің бизнесіңіз үшін»;
«Еңбек қатынастары бойынша»;
«Құқық қорғау органдарымен қатынаста қажет»;
«Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде»;
«Алаяқтардан қорғану жайлы»;
«Сот органдарымен қатынаста қажет»;
«Өтініш беру кезінде қажет».
Әрбір бөлімде көптеген тәжірибелік кеңестер бар. Пайдалы жинақты алу оңай. Оны Бас прокуратураның сайтында электрондық нұсқада: prokuror.gov.kz/rus/advice сілтемесінде немесе 115.kz. порталынан көшіріп алуға болады.
Сондай-ақ, iOS и Android платформаларында смартфондар үшін қосымша түрінде де көшіріп ала алсыз Жинақ мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Қазақ
× You found a Typo