Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Білім алушылардың назарына: 2020-2021 оқу жылының екінші семестріндегі білім беру процесі

Білім алушылардың назарына! Көктемгі семестрдегі оқу!

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес университеттегі білім беру процесі 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде 1 курс білім алушылары үшін аралас форматта ұйымдастырылатын болады (дәрістер, семинарлар – онлайн, қолданбалы сипаттағы зертханалық және тәжірибелік сабақтар санитарлық режимді және 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып күндізгі форматта), 2-3 курс білім алушылары қашықтықтан оқиды, іс-тәжірибе шартына және іс-тәжірибе объектісі – кәсіпорын қызметіне сәйкес 4 курста дипломалды және кәсіби іс-тәжірибе қашықтықтан/аралас форматта ұйымдастырылады

Білім алушылар Covid-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулардың белгілері анықталған жағдайда қашықтықтан оқуды факультет кеңесі отырысында қаралатын өтініш негізінде жалғастыра алады.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті 

Қазақ
× You found a Typo