Білім және ғылым министрлігі 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға конкурс жариялайды.
Ғылымды дамыту бағыттары – Табиғи ресурстарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, экологияны ұтымды пайдалану; Геология, минералды және көмірсутекті шикізаттарды, жаңа материалдарды, технологияларды, қауіпсіз өнімдер мен құрылымдарды өндіру және өңдеу; Жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер; Өмір туралы ғылым және денсаулық; Энергетика және машина жасау; Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер; Тендерлік құжаттамаға сәйкес ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және арнайы ғылыми бағыттар.
Конкурстық құжаттама Білім және ғылым министрлігінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитетінің сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc).
Конкурстық өтінімдер бағдарламаның ғылыми жетекшісі мен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электронды түрде Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне, «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы, сілтеме: https://is.ncste.kz. Өтініштерді қабылдау 2021 жылдың 4 наурызынан басталады. Өтініш берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 17 сәуірі (қоса алғанда).
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі