- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
2019 жылдың 29 қарашасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен қала, аудан, облыс мектеп оқушылары арасында 5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша «Болашақ журналист» атты пән олимпиадасы өткізіледі.
«С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – дағы оқушылар олимпиадасы туралы ережеге» сай:
Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру...» Үй тапсырмасы: «Мен болашақ журналиспін» тақырыбында презентация қорғау (5-7 минут).
2. «Жас публицист» – берілген тақырып бойынша эссе жазады (40 мин);
3. «Дода» (оқушылардың шаршы топ алдында шешен сөйлеу қабілеті, ой ұшқырлығы мен тереңдігі, эрудициясы, көпшілік алдында өзін ұстауы сынға түседі) 3-5 мин.
Бағалау шарттары:
Бірінші кезең – 10 балл
Екінші кезең – 45 балл
Үшінші кезең – 45 балл
Қатысушы жинайтын максималды балл – 100 балл.
Олимпиада регламенті
8.30 - 9.00 – олипиада қатысушыларын тіркеу;
9.00 – 9.30 – олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі;
9.30 – 13.00 –олимпиаданың үш кезеңінің өтуі;
13.00 - 14.00 – қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау және олимпиаданың салтанатты жабылуы.
Ұйымдастырушылар: Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қасенов С.Т., ф.ғ.к., аға оқытушылар Қасымов А.Қ., Бекбосынова Г.А., Берікболова Ә.Ж., Чыншаева Н.Т.
Өткізу орны: Өскемен қ-сы, Крылов к-сі, 72, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №9 оқу ғимараты. Байланыс телефондары: 8-777-793-04-27, 8-778-487-10-64, 8 (7232) 25-23-07 - кафедра (306 к.)
Қатысатын оқушылардың тізімі 28.11.19 ж. дейін төмендегі үлгі бойынша gulmira_1268@mail.ru электонды поштасына жіберуі тиіс
Өтініш формасы
№ |
Оқушының аты – жөні |
Мектеп, сыныбы |
Қатысушының мекенжайы, телефоны |
Мұғалімнің аты-жөні |
Ұйымдастыру комитеті