Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ» АТТЫ ОЛИМПИАДА ТУРАЛЫ (АҚПАРАТТЫҚ ХАТ)

«БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТ» АТТЫ ОЛИМПИАДА ТУРАЛЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен Маркетинг және жоғары оқу орынына дейінгі дайындық орталығының ұйымдастыруымен қала, аудан, облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында 5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша «Болашақ журналист» атты пән олимпиадасы өткізіледі.

«С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы оқушылар олимпиадасы туралы ережесіне» сай қатысушылар:

- 2018 ж. 21 ақпанына дейін көрсетілген электронды адреске gulmira_1268@mail.ru төмендегі үлгіге сай, олимпиадаға қатысу өтінімін жібереді.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрады:

1. «Таныстыру...» Үй тапсырмасы: «Мен болашақ журналиспін» тақырыбында презентация қорғау (5 минут).

2. «Жас публицист» – берілген тақырып бойынша эссе жазады;

3. «Дода» (оқушылардың шаршы топ алдында шешен сөйлеу қабілеті, ой ұшқырлығы мен тереңдігі, эрудициясы, көпшілік алдында өзін ұстауы сынға түседі) 3 мин.

Бағалау шарттары:

1. «Таныстыру...» кезеңі – 20 балл

2. «Жас публицист» кезеңі – 50 балл

3. «Дода» кезеңі – 30 балл

Қатысушы жинайтын максималды балл – 100 балл.

Олимпиада регламенті

Олимпиаданың өтетін күні: 23 ақпан 2018 ж.

Өткізу орны: Өскемен қ-сы, 30 Гвардиялық дивизияшылар к-сі, 34 С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 оқу ғимараты, 335 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (7232) 25-23-07.

Сот. 8 777 793 04 27, 8 777 765 04 85.

8.30 – 9.00 – олимпиада қатысушыларын тіркеу;

9.00 – 9.30 – олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі;

9.30 – 13.00 – олимпиаданың екінші туры;

13.00 –14.00 – қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау және олимпиаданың салтанатты жабылуы.

Өтінімді толтыру үлгісі:

Р/с

Оқушының аты-жөні

Мектебі

Мекенжайы, байланыс телеф., эл.адресі

       

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті

Қазақ
× You found a Typo