ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛ-ФАРАБИ: ҒАСЫРЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ - 12 маусым
Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті 2020 жылдың 12 маусым күні сағат 10.00-да «Әл-Фараби: ғасырлар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Қатысуға магистранттар, докторанттар, жоғары мектеп оқытушылары, ғылыми қызметкерлер шақырылады.
Конференцияның мақсаты Қазақстандық қоғамның рухани дамуы контекстіндегі Әл-Фарабидің зияткерлік мұрасын зерттеу болып табылады.
Конференцияның негізгі сұрақтары:
1. Қазіргі қазақ фарабитанудың өзекті мәселелері.
2. Әл-Фарабидің рухани мұрасын игерудегі дүниетанымдық негізі ретіндегі әлеуметтік-этикалық көзқарастары.
Сұрақтар мен ұсыныстарды конференция чаты арқылы панельдік пікірталас кезінде қоюға болады.
Жауапты: Мухамбетова Д.С. 87022244677, Шуматова М.М. 87003097460
Техникалық жауапкершілік: Звольский В.А. 87084443160
Ескерту: конференция ZOOM платформасында өтеді.
Идентификатор: 546 269 8544
Конференцияның қорытындысы бюллетень ретінде жарияланады.
Ұйымдастыру комитеті