Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Цифрлы білім беру - озық білім мен құзыреттілік» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2018» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы - 12 сәуір

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 2018 жылдың сәуір айының 12 күні өткізілетін «Рухани жаңғыру» аясында білім беруде «Цифрлы білім беру - озық білім мен құзыреттілік» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2018» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын  өткізеді. 

Конференцияның мақсаты: Қазақстанның қазіргі таңдағы білімінің өзекті мәселелерін қарастыру.

Конференцияның өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

  1. Жаратылыстану пәндеріндегі цифрлы білім беру жүйесі
  2. Жалпы адами құндылықтарды сақтауда цифрлы технологияларды қолдану
  3. Білім берудің гуманитарлық миссиясы – жаңа технологиялардың негізі

            Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде tulegenovskiechteniya@mail.ru электронды  адресіне төмендегі тізімдегі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Конференцияға қатысуға арналған өтінім (1-қосымша)
2. Баяндама материалдары (2-қосымша)
3. Жарияланымның төленгендігі туралы сканерленген түбіртек (конференцияға қатысу жарнасын мақала қабылданғандығы туралы хабарлама алғаннан кейін төлеңіз)

            Мақаланың қабылданғандығы туралы хабарлама 3 күн ішінде жіберіледі. Мақаланың қабылданғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін, электронды почтаға жарнаны төлеу реквизиттері жіберіледі. Түбіртектің электронды нұсқасы электронды почтаға жібергеннен кейін ғана мақала жинаққа енеді.

Рецензиядан өтіп, қабылданған материалдар конференция қарсаңында жария етіледі. Конференция жұмысына сырттай қатысу қарастырылады.

            Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: +7 71430 72488 (ішкі 110).

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті,  физика және математика кафедрасының меңгерушісі Жумабаева Сания Бакытжановна, ұялы тел. 87015808794

Қабылдаушы тұлғалар:

Тулегенова Анар Кабдыгалиевна, ұялы тел. 87011213124

Садыкова Базаргуль Сапарбековна, ұялы тел. 87752693973

Конференция қатысушысының ұйымдастыру жарнасы:

            Қатысушылар үшін 3000 теңге ұйымдастырушылық жарнасы мақала қабылданғаннан кейін есепшотқа аударылуы тиіс.

            Іссапар шығындары жіберуші тараптан немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.

 

1-қосымша

Рухани жаңғыру аясында білім беруде «Сандық білім беру - озық білім мен құзыреттілік» тақырыбында «Төлегенов оқулары-2018» Халықаралық ғылыми-практикалық

конференцияға қатысушының

ӨТІНІШІ

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Ғылыми (академиялық) дәрежесі

 

Ғылыми атағы

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы

 

Мекен-жайы

 

Қызмет телефоны

 

Ұялы телефоны

 

Электронды поштасы

 

Конференция жұмысының бағыты (секция)

 

Баяндама тақырыбы

 

 

2-қосымша

Баяндама мәтінін рәсімдеуге қойылатын талаптар

            Бет көлемі А4 форматында, кітаптық бағдардағы 4-6 бетті құрауы тиіс, жиектері жан-жағынан – 2 см, ені бойынша түзетілген, тасымалсыз, беттер нөмірленбеген.

            Шрифт – Times New Roman, мөлшері кегль 14, азат жол – 1, жоларалық - 1 интервал. Тырнақша тек қана «» түрінде белгіленуі тиіс. Келтірілген мысалдар курсивпен белгіленуі керек. Математикалық формулалар Microsoft Equition 3.0 редакторында басылады. Сканерленген суреттер JPEG, JPG форматында 300 dpi аспау керек.

            Баяндама атауы қою шрифтпен ортасында көрсетіледі. Автордың толық аты-жөні, ғылыми (академиялық) дәрежесі мен атағы, жұмыс орны, қала, электронды поштасы оң жақ шетіне курсивпен жазылады. Егер баяндама қазақ тілінде жазылса, аннотациясы мен түйін сөздері орыс және ағылшын тілінде рәсімделеді. Егер баяндама орыс тілінде жазылса, аннотациясы мен түйін сөздер қазақ және ағылшын тілінде рәсімделеді.Түйін сөз (3-5 сөз). Әдебиеттерге сілтеме тік жақшамен [тізім бойынша дереккөзінің нөмірі, бет нөмірі] көрсетіледі, мысалы [5, 123]. Библиографиялық тізім мақаланың соңында көрсетіледі (сілтеме реті бойынша).

            Файл атауы автордың тегімен сәйкес болу керек. Мысалы, Омаров_мақала деген атаумен tulegenovskiechteniya@mail.ru электронды  адресіне жіберу керек.

Баяндаманы рәсімдеу үлгісі:

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Омаров Марат Омарович

ф-м. ғ.к., профессор
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Арқалық, Қазақстан

Орыс тілінде аннотация (3-5 сөйлем)
Орыс тілінде түйін сөздер (3-5 сөз)

Ағылшын тілінде аннотация (3-5 сөйлем)
Ағылшын тілінде түйін сөздер (3-5 сөз)

Мәтін………………….

Әдебиеттер

1.

            Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына, ғылыми стандартқа немесе техникалық талаптарға сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

 

 

Оргкомитет

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo