Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Digital East – Болашаққа қадам» халықаралық IT-форум - 28-29 қараша

Шығыс Қазақстан облысында үздік IT шешімдер гранттар арқылы қолдау табатын болады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында,  28-29 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында алғаш рет «Digital East – Болашаққа қадам» халықаралық IT-форумы өтеді.

Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өткізіледі.

Форумның негізгі мақсаты – Елбасының 2018 жылғы  5 қазандағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы басты міндет - халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған, үздік IT-шешімдерді анықтау және қолдау.

Бүгінгі таңда конкурсқа қатысу туралы 35 компаниядан 50 өтінім және 14 Start-up әзірлеме түсті. Ұйымдастыру комитеті өтінімдерді қабылдау мерзімін 15 қарашаға дейін ұзартты.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімді бейнебаяндарды коса ұсыну арқылы, мына мекенжайға жолдауға болады: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 үй, 2 қабат, тел. 8(7232) 60-62-93, электрондық пошта: kgucit@digitaleast.kz.

 Форум қорытындысы бойынша үздік IT-шешімдер саласында түрлі номинациялар бойынша 10 жеңімпаз Шығыс Қазақстан облысы аумағында өз жобаларын әзірлеп, енгізу үшін арнайы гранттармен марапатталады.

Тіркеу формасын 2018.digitaleast.kz. сайтында толтыруға болады.

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo