Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Достық үйі–Қоғамдық келісім орталығының» 25 жылдығына арналған XVI Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясын

«Достық үйі–Қоғамдық келісім орталығының» 25 жылдығына арналған XVI Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясын
"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕКАРАЛАС ТЕРРИТОРИЯЛАРДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР"
2017 ж. 28-29 қыркүйек күндері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқұ ғимаратында «Қазақстандағы және шекаралас территориялардағы этнодемографиялық үрдістер» атты XVI Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, ШҚО әкімі аппараты «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ, ШҚО ҚХА ҒСТ, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, «Алтайтану» ҒЗО, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Мәңгілік Ел» гуманитарлық және саяси зерттеулер Орталығы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы, Алтай мемлекеттік университетінің «Қазақстандық жол және Н.Назарбаев» Құрметті кафедрасы (Ресей, Барнаул).
Өскемен қаласында осы атаумен конференциялар 1998 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Шығыс Қазақстан облысының Достық үйінің қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауымен өткізілді.
Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:
1.​ Этнодемографиялық процестер: халықтың саны, көбеюі, көшіп қонуы;
2.​ Этнодемографиялық, этносаяси, этномәдени процестерді зерттеу әдіснамасының мәселелері;
3.​  «Мәңгілік Ел» Қазақстанның ұлттық идеясын іске асыру тиімді жолдары: этно-демографиялық аспект;
4.​ Тарихи демографияның өзекті мәселелері;
5.​ Қазақстанның және іргелес аумақтардың археологиялық материалдарына сәйкес ежелгі және орта ғасырлық демографиялық үрдістер;
6.​ Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму парадигмасын ауыстырудың этнодемагографиялық салдары.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, Қырғызстан, Беларусь, Түркиядан ғылыми қызметкерлер қатысуы жоспарланған.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

Қазақ
× You found a Typo