Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі – 5-16 сәуір

Экономика және құқық факультеті ағымдағы жылдың 5 сәуірінен 16 сәуіріне дейін әдістемелік онкүндік өткізеді.

Онкүндік Экономика және құқық факультеті оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға жәрдемдесу, олардың кәсіби шеберлігін арттыру және заманауи білім беруді цифрландыру контексінде шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізіледі.

Әдістемелік онкүндіктің міндеттері:

- АКТ-құзыреттіліктің дамуын, факультеттерде кадрларды даярлау ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық тәжірибені жинақтау және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында оны жас оқытушылар арасында тарату;

- оқытудың инновациялық әдістерін іздеу және оларды оқу процесінде қолдану;

- студенттерге бағытталған білім беру тұжырымдамасында жаңа көзқарастарды қалыптастыру;

- оқу-тәрбие үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу.

Онкүндікке қатысуға жоғары білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері шақырылады.

Онкүндік қашықтан білім беру технологиялары мен білім беру платформаларын пайдалана отырып, онлайн форматта өткізіледі.

Экономика және құқық факультетінің деканаты

Қазақ
× You found a Typo