Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Екпе – тұмаудан сенімді қорғаныс

Екпе – тұмаудан сенімді қорғаныс

Екпе тұмаумен ауырудың қаупін мейлінше төмендетеді. Екпені эпидемия басталғанша жүргізу керек, өйткені ағзаға иммунитет қалыптастыруға уақыт қажет. Екпе жүргізу уақытын анықтау үшін иммунитет даму мерзімін білу қажет, ол егілген соң екінші күні басталып, 15-30 күнде шегіне жетеді. Қарсыденелердің қорғаныс деңгейі бірнеше айдан жарты жылға дейін сақталады.Тұмауға қарсы екпенің тиімді мерзімі – қазан, қараша айлары.
Жергілікті бюджеттен 2016 ж. тұмауға қарсы мөлшері 14500 «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды, өндіруші Ресей, вакцинаның құрамында тұмау вирусының А (А(H1N1), A(H3N2)) және В түрлерінің тазартылған антигендері бар, консерванттарсыз. Ақылы екпе егу кабинетінде сондай-ақ «Инфлювак» вакцинасы да бар, өндіруші Нидерланды мемлекеті.
6 айдан асқан балалар, жиі және ұзақ ауыратындар, мүгедектер, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемелерінде тегін егіледі.
Ақылы екпе төмендегі медицина ұйымдарында жүргізіледі:
-«№2 қалалық емхана», Буров к,61, №210 кабинет, тел.: 26-36-36, 57-76-82.
-«Амбулаторлық орталық мекемесі», Абай к,18, №319,№325 кабинет, тел.: 75-42-36.
-«Сол жағалау мекемесі», Сәтпаев даңғылы,34/1, №43 кабинет, тел.: 60-16-13.

Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo