- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Елбасы кітапханасы «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингтер циклын өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі 7 ақпан мен 7 желтоқсан аралығында «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» екікүндік семинар-тренингтер циклын өткізуді жоспарлауда.
Семинар-тренингке еліміздің жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттері қатарынан құрамында 25 адамнан кем емес оқу озаттары, белсенділер мен талантты жастар шақырылады. Қабылдаушы тарап қатысушыларды қала бойынша көлік тасымалымен қамтиды және оларға экскурсия ұйымдастырады.
Ұйымдастыру мәселелерін кітапхана директорының орынбасары Ботагөз Мұттахиденқызы Қаипова қамтамасыз етеді (жұмыс тел. 8 7172/ 69 30 04).
Баспасөз қызметі